«BETPERDE» - заманауи өнер кеші

Бөлісу:

27.05.2021 3062

Нұр-Сұлтан қаласындағы Tauel[di]siz жобасы «BETPERDE» атты заманауи өнер кешіне шақырады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, М. Мақатаевтың 90 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып жатқан кеште Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген ақындардың өлеңі оқылады. Авторлар қатарында Мақпал Жұмабай, Ықылас Ожай, Тілек Ырысбек, Жұлдыз Молдағали, Алтынбек Мерсадық, Жандос Жүсіпбек, Бауыржан Майтай бар.

Кештің мақсаты – экология, қазақ тілі, гендерлік теңдік тәрізді әлемдік, отандық мәселелерді көтеру, адамның ішкі моральдық сұрақтарына үңілуіне жол ашу, ана тіліміздегі өнер кеңістігінің кеңеюіне үлес қосу. Сонымен қатар, түркі және еуропа халықтарының әндері қазақ тілінде орындалады.

Жастардың үнін жеткізуді мақсат еткен заманауи өнер кешінде музыкалық аспаптармен сүйемелдеуімен поэзиялық номерлер ұсынылады.

Өнер кешіне белгілі қаламгерлер, тәуелсіз ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны: «Астана» концерт залы, Кенесары 32.

Уақыты: 31 мамыр, сағ. 19.00

Қосымша сұрақтар үшін 8 702 260 92 12, 8 778 857 57 98 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар