«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» онлайн-байқауының қорытындысы шықты

Бөлісу:

01.08.2021 5781

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігінде тұңғыш рет өткізіп жатқан «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы өз мәресіне жетті.

Үш айға созылған мега жобаның суретшілерге арналған алғашқы кезеңіне 101 суретші, 300-ден астам картина келіп түссе, екінші кезеңде 100-ге жуық ақындар бақтарын сынады. Олардың ішінен жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар қаламгер, әрине, біреу һәм бірегей.

Сонымен «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауының жалпы қорытындысы бойынша:

Бас жүлде:

Толқын Табысбек «Көсем» картинасы & Мұрат Шаймаран «1937 жыл немесе Әлиханның соңғы монологі» өлеңі

І орын:

Дәуренбек Бекназар «Көкейкесті» картинасы & Ерлан Жүніс «Көкейкесті» өлеңі

ІІ орын:

  1. Аманат Назарқұл «Ұлы дала кардиограммасы» картинасы & Маралтай Райымбекұлы «Герника» өлеңі
  2. Өмірзақ Рыстан «Ұрпақ қорғаны» картинасы & Ұларбек Дәлейұлы «Бұлдырық құс баяны» өлеңі

ІІІ орын:

  1. Серікжан Ысқақбек «Қоянды жәрмеңкесі» картинасы & Рауан Қабидолдин «Кенепке бояу болып сіңіп кеткен» өлеңі
  2. Құмар Омархан «Ақселеу Сейдімбек» картинасы & Мирас Асан «Рух мүсіні» өлеңі
  3. Аршын Қабылбек «Шахтер» картинасы & Рауан Қабдолда «Мен ғаламды жылытам» өлеңі

Ынталандыру:

Рахат Сапаралинова «Тас тынысы» картинасы & Закария Охан «Тас тынысы» картинасына өлеңі

«Қасым» журналының арнайы жүлдесі

Ерсін Темірғалиев «Қасым Аманжолов» картинасы & Асылан Қуанышұлы «Қызыл елес» өлеңі

Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаз Ақын мен Суретші шығармаларынан арнайы үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) альбом дайындалады. Альбом сапалы, түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, арнайы түсірілген бейне роликтерге сілтеме берілген QR-кодтармен жарық көреді.

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 26 тамыз күні өтеді яки пандемияға байланысты өзгеруі де мүмкін. Негізгі шарт бойынша поэзия мен суретте үндескен дуэт-жүлдегерлер карантин талаптарын ескере отырып, «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» қорытынды мәдени кешіне алдын ала шақыртылады.

Бөлісу:

Көп оқылғандар