«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» әдеби байқауы

Бөлісу:

10.11.2021 3436

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,

Алматы қаласы әкімінің «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты грантына әдеби байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстан Жазушылар одағы

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

  • Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, тәуелсіздігімізді дәріптеу, абыройын асқақтау, тарихқа үңілу, тағзым ету;
  • Тәуелсіздігіміздің куәгері, ел тарихының бастауы және алтын қазығы болған Алматының бүгінгі болмысын көрсету үшін аға буын қаламгерлерді де жастарды да осы байқауға тарту.
  • қазақ әдебиетінің қазіргі әлеуетін байқатып, жастардаың шығармашылығын таныту;

БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН УАҚЫТЫ

  • Байқауға өтініштерді қабылдау жарияланған күннен 26 қараша 2021 жылға дейін жүргізіледі.
  • Қабылданған жұмыстардың ішінен сарапшылар шешімімен іріктелгендері келесі кезеңге өтеді.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

  • Ел руханияты мен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосып жүрген барлық қаламгерлер қатыса алады. (Жасқа шектеу қойылмайды).

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

  • Байқауға қатысушылар «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты ортақ тақырыпта әдеби жанрларға байланысты төмендегідей аталым бойынша бақ сынайды:
  1. Поэзия;
  2. Проза;
  3. Балалар әдебиеті (поэзия немесе проза);
  4. Драматургия;

ПОЭЗИЯ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Үміткерлер байқауға екі өлеңімен қатысады:

  • Тақырыпқа байланысты бір өлең
  • Еркін тақырыптағы өлеңі;

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Байқауға қатысушы берілген тақырып бойынша өзінің бір арнау өлеңімен және еркін тақырыптағы бір өлеңімен қатысады;
  • Өлеңнің көлемі 3 беттен аспау керек (А 4 форматында);
  • Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады;

Өлең Microsoft Word түрінде ( Times New Roman 14) жазылып jazushylar_odagy@mail.ru эл.поштасына жіберілуі керек;

ПРОЗА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Қатысушылар берілген тақырып бойынша прозалық шығарма жазады.

Жұмыстың көлемі 10 беттен аспауы керек;

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Әдеби жанрға тән қалыптарды сақтап, көркем мәтінде тақырыпты ашу;
  • Байқауға қатысушылар еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен отыз жыл ішіндегі өмірін суреттеген прозалық әңгімелерін жолдай алады. Сондай-ақ, Қазақстан тарихын арқау еткен әңгімелер де қабылданады;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) жазылып jazushylar_odagy@mail.ru эл.поштасына жіберілуі керек;

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза немесе поэзия аталымдары бойынша балаларға арналған шығармаларын ұсынады.

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Әдеби жанрға сай ерекшеліктерді сақтай отырып, көркем мәтінде тақырыпты ашу;
  • Жазылған жұмыстың көлемі 5 беттен аспауы керек (А 4 форматында);
  • Шығарманың желісі тәуелсіздікпен байланысты болуы шарт;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) jazushylar_odagy@mail.ru эл.поштасына жіберілуі керек;

ДРАМА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Үміткер берілген тақырып бойынша драмалық шығармасын ұсынады.

  • Қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Қатысушылар аталған тақырыптық идеяның негізінде өз шығармаларын ұсынады;
  • Драмалық шығарма І актылы немесе ІІ актылы бола береді;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) jazushylar_odagy@mail.ru эл. поштаға жіберілуі керек;

Жоғарыда аталған аталымдар бойынша жіберілген жұмыстарды арнайы тағайындалған сарапшылар тексеруден өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар қорытынды жиында марапатталады.

Әр жанрды сараптаушылар 3 адамнан. Жалпы саны 12 адам. (Жабық түрде)

БАЙҚАУДЫҢ МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ

  • Байқауға қатысушыларды марапаттау кеші Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының ұйымдастыруыменөткізіледі.
  • Марапаттау кешіне елімізге белгілі әдебиет өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысады;
  • Әр номинация бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады;
  • Әр аталым бойынша тағайындалған қазылардың шешімімен анықталған үздік жұмыстар республика көлемінде дәріптеледі. (БАҚ-да, Теле бағдарламаларда)

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

  • Байқауға қатысушылар жазылған жұмысымен бірге төменде көрсетілген (қосымша 1)үлгі бойынша өтініштерін толтырып, өзінің аталымы бойынша электронды мекен-жайға жібереді.

Қосымша 1

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының аты-жөні

Қатысушының аталымы, шығармасының атауы

Туған жылы, айы, күні

Мекен-жайы, (облыс, қала, аудан, ауыл)

Электронды мекен-жайы

Байланыс номері

Ескерту! Өтініштің қате толтырылғандығы үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар