«Қайсар жырға іңкәрмін» атты әдеби-сазды кеш өтті

Бөлісу:

04.11.2021 2216

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, Қазақстан Жастар фракциясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Қайсар жырға іңкәрмін» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Конференцияның мақсаты – қазақтың халық жазушысы, ақын О.Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, жазушыдан қалған рухани мол мұраны оқырман талқысына ұсыну. Сондай-ақ, ақынның шығармашылық лабораториясына қатысты мәселелер көтерілетін болды.

Іс-шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, филология ғылымдарының доқторы, профессор, әдебиеттанушы Құныпия Алпысбаев, Рахымжан Тұрысбек, ақын, Мәдениет саласының үздігі Жанат Әскербекқызы, алаштанушы ғалым Сағымбай Жұмағұл, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сәулеш Айтуғанова, фольклортанушы ғалым Болат Қорғанбеков, алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгер, PhD доктор Гүлназ Сағынадин, Жанбота Карипбаев, жазушы Алмаз Мырзахмет, Еге университеті, Түркі дүниесін зерттеу институтының директоры Метин Екичи (Түркия, Измир) қатысты.

Іс-шараның модераторы - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.

Бөлісу:

Көп оқылғандар