Елге ес, сыртқа сес болған қаламгер

Бөлісу:

07.02.2022 2565

Президенттің Әбдіжәміл Нұрпейісовтің отбасы мен туыстарына көңіл айтуын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин қаралы жиында оқып берді.

Аса​ көрнекті​ қаламгер,​ Қазақстанның​ Еңбек​ Ері,​ Халық​ жазушысы,​ Ұлы​ Отан​ соғысының​ ардагері​ Әбдіжәміл​ Кәрімұлы Нұрпейісовтің​ дүниеден ​өтуіне​ байланысты​ көңіл​ айтамын.​ ​

Әбдіжәміл​ Кәрімұлы​ –​ сұрапыл​ соғысты​ бастан​ кешіп,​ елге​ оралған​соң,​ қазақ​ әдебиетін​ өркендетуге​ сүбелі​ үлес​ қосты.​ ​

Ұзақ​ жылғы​ шығармашылық​ қызметі​ жемісті​ болды. «Қан​ мен тер»​ трилогиясы, «Соңғы​ парыз» дилогиясы​ сияқты​ туындылары​ сыншылар​мен​ оқырмандар​ тарапынан​ жоғары​ баға​ алды. Заман​ жүгін​ көтерген ​романдары​ әлемнің​ көптеген​ тілдеріне​ аударылды.​


Әбдіжәміл​ Кәрімұлының​ жаңа​ белесті​ бағындырған​ қазақ​ әдебиетін​ шетелге​ танытуға​ сіңірген​ еңбегі​ орасан​ зор. Ол​ ұлт​ руханиятының ​көшбасшысы​ болды.​ ​

Әбдіжәміл​ Нұрпейісов​ адам​ жанын​ терең​ түсінетін,​ түрлі​ тағдырдың ​бейнесін​ көркем​ суреттей​ отырып​ оқырманға​ жеткізген ойлы,​ кең​ тынысты​ жазушы​ болатын.​ Өмір​ бойы​ қолынан​ қаламы​ түскен​ жоқ.​ Қазақ​ елінің​ рухани-мәдени​ саласын​ дамыту жолында​ өлшеусіз​ қызмет​ атқарды.​ ​

Ол​ ұлт​ классиктерінің​ жолын​ лайықты​ жалғастырған​ қуатты​ қаламгер.​ Солайша,​ өзі​ де​ қазақ​ әдебиетінің​ патриархына​ айналды.​ ​

Әбдіжәміл​ Нұрпейісовтің​ соңында​ ұрпаққа​ үлгі,​ ұлысқа​ игілік​ болатын​ шығармалары​ қалды. Елге​ ес,​ сыртқа​ сес​ болған​ жазушының​ енді​ екінші​ өмірі​ басталды.​ ​


Өнегелі​ ғұмыр​ кешіп,​ соңында​ мол​ мұра​ қалдырған​ Әбдіжәміл ​Кәрімұлының​ жарқын​ бейнесі​ ұмытылмайды.​ ​

Халқымыз​ есімін​ әрдайым​ ардақ​ тұтады.​ ​



Марқұмның​ иманы​ саламат,​ жаны​ жәннатта​ болсын.​ ​

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасының Президенті

Бөлісу:

Көп оқылғандар