Ақын Қымбат Әбілдәқызы туралы сөз
Бөлісу:
Жарыққа шыққанна 21 толған « Айгөлек » балалар журналының авторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Түркі әлемі ақпарат саласының үздігі, ақын Қымбат Әбілдәқызы туралы сөз.
Әуелгі сөздің басын ұзақ жылдардан бері Алматыда тұратын белгілі зейнаеткер ұстаз, «Алтын алқа» иегері Шәкежан Малгаждарова апамыздың Қымбат Әбілдәқызына арнайы жазған мына құсни хатынан бастағым келіп отыр.
«Құсни хат»
Қазаққа жанашырлықпен, жанын сала еңбек жасайтын жанның бірі – «Айгөлек» журналының директор - бас редакторы Қымбат Әбілдәқызы. Он жылдан аса әр қалада тұратын немере, жиендерімді «Айгөлекке» жаздырып, бірге оқу арқылы осыған көзім жетті. Бұл журналдың тіл тазалығы, ой байлығы, ұлтты сүйу сезімі, халықтың мәдениетін біліп өсуге мән беруі өте жоғары. Павлодардағы Аружаным журналдан не оқып үйренбеді дейсіз?! Қолөнердің барлық түріне, өлең шығаруға үлгі көрсеткен осы «Айгөлек» ! Мен Қымбаттың бойындағы шыншылдық, ұлытшылдық, білімділік, тапқырлық, дала мен қалаға ортақ қасиеттері немерелеріме жұғысты болып келе жатқанын байқаймын. Өлеңдерін жас балалардың сүйсініп, шабыттанып оқитынына риза боламын. Осындай жанкешті мамандар ғана жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берсе деп армандаймын. Егер мен жазушы болсам, Қ. Әбілдәқызының есепсіз еңбегі мен ізгі қасиеттерін болашақ жастарға үлгі етіп, кітап жазар едім. Қарапайымдылығына келтіретін де мысалдарым сүбелі болар еді. Қайтейін қолдан келмейді. Оны болашақта өзі оқытып жатқан «Айгөлектің» балалары жазатынына сенемін. – деп толғаныпты.
Иә... Бізде қазір балалар тақырыбына, балалар әлеміне бейжәй қарай алмайтын қаламгерлер саусақпен санарлық қана. Өзін ұмытып үйге келседе «Айгөлек», сыртқа шықсада «Айгөлек» деп құлдық ұрып құрша жорғалайтын, бала әлемін бар пейілімен сүйіп істейтін сұрапыл ойдың иелері сирек қазір. Сонау 2000 жылдары ел мәдениетінің етек жеңі енді жинала бастаған сындарлы уақытта «Осы еліме қосқан тамшыдай үлесім болсын» деп үмітті ұл-қыздардың оқулығы есебіндегі «Айгөлек» деген атпен алғаш рет балалар журналының жарыққа шығуы, жасампаз сөз зергері Қымбат Әбілдәқызының ар жолындағы азаматтық ісінің бірден-бір айғағы еді.
Сол кезеңде жас мемілекетімізге деген жанашыр үлкен жүрекпен жарқын болашаққа жол тартақан «Айгөлек», кейін келе «Аbdi» кеңсе тауарлары компаниясының басшысы Бимендиев Әбдібек Шарабекұлының қолдап-қуаттауының арқасында көпке танылып, көкжиегі кеңейді. Бірақ осы тұста әр сөзі сексеуілдің шоғындай журналист, ақын Қымбат Әбілдәқызының аса ұқыпты жауапкершілігімен, ұстамды биік парасаты болмаса барлығы кейін кетері баршаға мәлім болатын.
16 жылдан аса қызымет еткен қазақ радиосынан ескертусіз қысқартуға түсіп, қым-қуыт уақытқа тап келгенде де, тыңнан түрен салған тыңғылықты ой иесі Қымбат Әбілдәқызының қиын күннің өзінде атына ағылып келіп жататын сағыныш хаттары да толассыз еді. Соның бірі және бірегейі Қызылорданың Тереңөзегінен Шағадат Жүсіп есімді азаматтың Қымбат Әбілдәқызына арнаған тұрақты тыңдарман ретіндегі ықыласын, мына бір жыр жолдарына сиғызыпты.
Жанның жәйіп тастар қымбаттарын,
Сен неге естілмейсің Қымбат дарын?
Радиоң тоқтаусыз сөйлеп жатыр,
Сені жоқтап отырмын, тыңдап бәрін.
Сен өзі тірісің бе, Қымбатжаным? -
деп ағынан жарылып, ақтарыла жырлапты. Мұнан автордың ақын Қымбат Әбілдәқызына деген аса үлкен ағалық қамқорлығымен, кіршіксіз ізгі ниетін танимыз. Бір екі ғана жанкешті қызымекткерімен бөпесіндей мәпелейтін «Айгөлекті» 15616 данамен республикамыздың түпкір-түпкіріндегі балапандарға таратып жүрген қарапайым қазақ қызының қсиетті де қастерлі тірлігін, қазір қай-қайсысымыз болсақта қанағаттанарлық халықтық дүниеге айналдыра алуымыз не ғайбыл. Себебі біз бала тәрбиесінің нағыз бағбаны емеспіз. Ал шынайы бала бағбаны болу үшін батылдығыңмен, батырлығың өмір күресте өксімеуі шарт!
Жаһанданумен жанданудың жалпыға ортақ ұранына жұтылып, ұлыттық ұлы дәстүрден, тарихи танымнан табан аудара бастаған мынау алмағайып заманда, талайлардың көкейінде күтпеген сұрақтардың күрделенуі көп көңілін толқытып отыр қазір. Шегараға бағынбайтын түрлі ақпарат көздері ашығын айтқанда алтындай айналайындарымыздың алға жылжуына тұсау салып, тұйыққа тіреді. Жанын жадылап, жалынды рухты жасытты. Ендеше осындай қауіпке дүп келіп, дүрдараз тудырған шақта, қарылғаштың қанатымен су сепкендей сұрапыл қоғамның сұранысына шынайы жауап беріп келе жатқан «Айгөлектей» жұрналдың, арлы ұрпаққа берер тағылымы да мол болмақ.
Жалпы ұлттық балалар журналының 36 бет болып рухни байлық силайтын әр санындағы «Ұлылар ұлағаты», «Ұлт мақтанышынан қолтаңба», «Отанымның тарихы», «Атақты адамдар өмірінен», «Абай және мен», «Ақыл-ой сабағы», «Күлдіре біл, күле біл!», «Қазақша-ағылшынша үйренейік», «Қазағымның сөздері-ай!» т.б секілді айдарларында бүгінгі ұрпақтың тегін танитын, елі мен жерінің тарихын терең білетін, дербес ойлайтын туған отанының нағыз патрыриоттары болуға баулиды. Қымбат Әбілдәқызының: «Шашылған қағаздардан шаршап тұрып, бала жазған бір хаттан рахат табам. » дейтіні де сондықтан.
Мен әр жолы ол кісімен жолығуға барған сайын кәуә болатыным тек қана бірақ жәйіт. Қашан көрсемде қалың қағаздың арасында көміліп алып қажырлы қарбаластықтың үстінде отырады. Кейде түстік астарында ұмыт қалтыратын қездері жиі ұшырайтынын қайтерсің. Сөйтіп жүріп қонақшыл, сөйтіп жүріп шынайы сырлас дос, аяулы ана, ардақты ұстаз. Әр айда басылып шығатын журналдың оқылу сапасына, мән-мазмұнына қарай кәсиби қылқалам шеберлеріне ақысын өтей отырып ол кісі әсерлі сурет салғызады. Редакцияға келген әр баланың хатын мейірлене оқып, өзі қортып, талабымен танылған ұл-қыздарды жақын досына айналдыратыны да апамыздың ажырамас ар алдындағы ақиқаты. Оған Атырауда оқитын 9-сынып оқушысы, Алтын Палатова қарындасымыздың мына арнауын мысал келтірсек болады:
Таулардың шыңы көрінсе сонау алыстан,
Қырандар сонда қалды мәңгі қоныстап.
Алқалы топта айбарлы болған апайым,
Тұрады әркез балғын жүрекке жол нұсқап.
Бала көңілмен еріксіз жырым төгіліп,
Сенімге білем, қосылды тағы мол үміт.
Қазып алғандайсың қат-қабат жердің астынан,
Байқаусыз жатқан қабілетімізді көміліп. –
деп кіршіксіз таза бала жүрегі бар мейірін өздеріне арнаған рухани анамызыдың ұмытылмас еңбегін осылай бағалапты. Мұндай арнау жырлар мен жас суретші достарымыз салған Қымбат Әбілдәқызының неше түрлі бояаулы портреттері қаншама десеңізші?! Қазақтың қадірлі ақыны аяаулы анамыздың ардақты ұстазы болған Қадір Мырза Әлінің: «Қымбатжан, бүгінгі ақынның көбі-жүре ақын болғандар. Сен туа ақын болғаныңды білемісің? Мынау журналистік қара жұмыс өмірі бітпейді, жеп қояады. Өзің орташа істеуді де үйренбегенсің. Сен өлең жаз, өлең жаз!..» - деген дана сөзін еске ұстаса да, уақыт шіркінді жеткізе алмайтыны өкінішті. Дей тұрғанмен өз дербестігін өлеңсіз елестете алмйтын өршіл ақынның отты жырлары көкейге қонымды, тілге жеңіл, ойға орамдылығымен өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленіп отыр. «Айгөлектің» әр санында жарияланатын әр аймақтағы қазақ баласы үшін деп батпан-батпан ауыр ойдан бас көтермейтін бала бағбанның базарлы жырлары, нақышты ой айшықтарының стильдік өрнектерімен ерекшеленіп, тілдік қолданыстарына дейін сол бала танымына тиселі тәсілде, ұғынықты деңгеде жазылып келеді. Мысалы, ауыл тәрбиесін көріп өскен адал, бауырмал бала жүрегінің ішкі әлемін «Тәрбиесі ауылдың» деген өлеңінде былай суреттейді:
Ағасының баласына қалалық,
Хабарласты он жасар ұл далалық:
-Ауылға кел, сабағың бітісімен,
Күтем сені, көп-ақ бізде жаңалық.
Өтінемін келетін бол көп күнге,
Тек асығыс қайтамын деп ойлама.
Саған қарап тұрған жұмыс жоқ мүлде,
Және де жоқ дейтін ешкім «ойнама!»
Бауырларша құшақтасып жатамыз,
Сен қаланы, мен ауылды жыр қылып.
Ала жаздай сан қызыққа батамыз,
У-шу емес, малдың үні жаңғырып.
Уыз дәмі таңдайыңнан кетпейтін,
Не ішсең де, сірә, оған жетпейтін.
Қою, қышқыл, уыз қымыз ішеміз,
Күш беретін болашаққа беттейтін.
Елжіреген жүрегін-ай, бауырдың,
Кйелі ғой тәрбиесі ауылдың.
Қалалық ұл көңіл үшін айтпады-ау:
« Сен қыдырып бізге кел», - деп бауырым!
Қандай тамаша, кестелі жыр. Өлеңмен өрнектелген сурет қой. Ал енді қазақтың алып ақыл-ой иесі хакім Абай бабамыздың асыл өсиеттерімен сусындап жүрген арынды «Айгөлектік» достар үшін « Абай туған күн бүгін» деген өлеңінде автор:
Бар қазақтың ақылысың, Абай,
Дара туған ақынысң, Абай.
Оқығанның ойы жетпес ілімді,
Қолға ұстатқан хакімісің, Абай.
Қазақ сөзін түзеткенсің, Абай,
Ар-иманды күзеткенсің, Абай.
Шыққан тегің мәртебелі болса да,
Табаныңнан сыз өткен шын, Абай.
Ойға озғанға ілескенсің, Абай,
Шындық үшін күрескенсің, Абай.
Надандықтан құтқарам деп елді,
Сөзбен дұға тілеткенсің, Абай.
Өлген жоқсың, өлмейсің сен, Абай,
Өр елің бар, өрлейсің сен, Абай,
Сен туған күн – Қазаққа күн туған күн,
Ел ауызында сөйлейсің сен, Абай! –
деп абыз ақынның азаматтық болмысын ашып, адамдық, арлы тұлғасын әсерлі әйгілейді. Еліміз тәуелсіздігін алған осынау отыз жыл ішінде мемілекетіміз тарабынан күні бүгінге дейін қамқорлыққа бөленбей, бейтарап келе жатқан басылым, әлі де болса абройлы ісін ары қарай жалғастыра бермек. Осы реттен келгенде ізгілігі елді сүйіндірген, ірілігі дұшпанын күйіндірген Арқаның ақ боранындай асау, даладай дархан аяулы да ардақты жанның:
Сендер - менің жүрегімді қопарар,
Сендер - мені жұмаққа да апарар.
Сендер - менің мәңгі жасыл көктемім,
Бағбаның боп жүргенім сол, боталар! - деген болмысы биік, бұла жыры ақынның бұлтартпас өмір шындығы.
Мұратбек Жақсылық Нұрболатұлы
жас жазушы-драматург
Бөлісу: