«Таң Шолпан» көрмесі

Бөлісу:

05.03.2022 3071

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Мәриям Хәкімжанованың 115 жылдық мерейтойына арналған жыл сайынғы «Таң Шолпан» көрмесінің ашылуы өтті.

Мақсаты – «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорына мүше суретшілердің туындыларын таныстыру.

Көрме Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы барысында 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялаған тапсырмасы аясында өткізіліп отыр.

Көрме қазақтың белгілі ақыны Мәриям Хәкімжанованың 115 жылдық мерейтойына арналды. Ол әдебиеттің дамуына және фольклорды жинақтап, ақындар, жыраулар, жыршылар шығармашылығын насихаттауға өлшеусіз үлес қосты. Ұзақ әдеби қызметі үшін ол 30-дан астам кітап шығарып, жинақтар мен мерзімді басылымдарда мақалалары жарияланған.

Мәриям Хәкімжанова бауырлас халықтардың көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ, өз өлеңдері де орыс, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, қытай, белорус, армян тілдерінде жарық көрген.

Айта кетейік, «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорындағы суретшілердің есімдері көптеген республикалық және халықаралық көрмелер арқылы таныс, олардың барлығын әлемге көзқарастары, өзінің көркем тілін, пішін мен композиция мәнерлілігін іздеуі біріктіреді.

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, суретшілер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бөлісу:

Көп оқылғандар