«Буырқанған бұла жыр» жинағының беташарынан...

Бөлісу:

08.04.2022 3429

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауында айтылған бірқатар мәселелер бойынша пікірлесу, ой бөлісу мақсатымен республикалық «Егемен Қазақстан» басылымында «Зиялы: парасат пен пайым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Алқалы жиынның тізгінін ұстаған «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қонақтардың ой-пікірін ортаға салып, кезекпен сөз берді. Шараға аға жазушы Төлен Әбдік, ақын Ғалым Жайлыбай, дәулескер күйші Жанғали Жүзбай, халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Мақпал Мыса, ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, ақын Мирас Асан, белгілі блогер, журналист Максим Рожин және Хамит Есенаман, Серікзат Дүйсенғазин, Ербол Бейілхан, Айдын Байыс, Біржан Ахмер, Арман Шеризат, Айдана Сегізбаева, Науызбек Сарша сынды ақындар қатысты. Аталмыш шара барысында Ел газеті «Егемен Қазақстанда» бұрын жұмыс істеген және осы күнде де еңбек етіп жүрген жас ақындардың «Буырқанған бұла жыр» атты жыр жинағының беташар рәсімі жасалды. Жинаққа Айгүл Сейіл, Ұларбек Нұрғалымұлы, Олжас Сәндібек, Ерлан Жүніс, Мирас Асан, Хамит Есенаман, Асхат Райқұл, Арман Шеризат, Дүйсенәлі Әлімақын, Мұхтар Күмісбек, Ажар Ерболған, Рауан Қабидолдин, Рауан Қайдар, Табиғат Мұсылманқұлдардың жырлары енген.

Бөлісу:

Көп оқылғандар