Хамит Айдарұлы. Қайтқан құстар сұңқылына сыр қосып

Бөлісу:

11.11.2022 2337

Хан қараша

 

Қыр басынан кетіпті де ай аунап,

Қыр басында қалыпты ғой тай аунап,

Кету үшін жолға шығып жетіпті,

Хан-қараша баяулап.

 

Өткен жылы өкпе артып кетіп ең,

Содан қуып биыл әрең жетіп ем.

Жанға ашпаған сырларымды тыңдауға, 

Сәл кідіре тұрасың ба, өтінем?!

 

Керуеніңе қоңыр күймең жарасып,

Қобыз далаң жолыңа тұр бал ашып,

Сағынғандар бассыншы бір зарығын,

Терезеңнің пердесін қой сәл ашып.

 

Қоңыр күймең қоңыр түйме тағынған,

Жүректі де сен емдейсің ауырған.

Жырға деген мендегі бар іңкәрлық,

Сенің жылы шуағыңнан алынған.

 

Дерті асқынып айдың тісі кетілді,

Тым асыға күтем жылда көшіңді.

Есік қақсаң есім шыға қуанам,

Өзіңменен еншім ортақ сеікілді.

 

Қоштасу 

 

Күзге құстар қошын айтты асығып,

Жолдарында жұлдыз жатты шашылып.

Өткен күннің қасіретін арқалап,

Өткен күннің қуанышын жасырып.

 

Ай төбеде тұрып алды әндетіп,

Түн сылқым ғой қойған оны дәндетіп.

Жол шетінде жанталасты, не шара,

Жапырақтың жүрегінен жан кетіп.

 

Қорқыт ғұмыр домбыраңа тақ тиек,

Зар күйіңе сосын басты жат сүйеп.

Қарашаға қарай-қарай жете алмай,

Көбелек те соңғы мәрте қақты иек.

 

Қартаң қайың кетіпті ғой тым азып,

Алқарадан болсадағы күн азық .

Қайтқан құстар сұңқылына сыр қосып,

Торғын белдер күрсінуде құлазып.

 

Көк жайлауға ақбоз үй тігілді ме 

 

Көктемге аман, төрт түлік ілінді ме?

Торы төбел шалғында оқыс сүрінді ме?

Көкті айланып бозторғай шыр-шыр етіп,

Көк жайлауға ақбоз үй тігілді ме?

 

Шомылды ма гүл-бәйшешек қайың нұрға?

Бөленді ме орман, шатқал, сайың дуға?

Желі басы кісінеп құлыншақтар,

Белестерде биелер жайылды ма?

 

Ашты ма Әкем алдымен бұлақ көзін ?

Таңырқап тұр ма қарап құрақ кезім?

Ойнақтап бұзау-тайнша көлеңкелеп,

Құлдыраңдап жүр ме екен ылақ-қозым?

 

Ақша бұлттар жылыстап шыңда кілікіп,

Ақжауынын кер жайлау таңда бүркіп.

Жаңа ғана үйіреткен шу асауың,

Осқырынып ат ағашта тұр ма үркіп?

 

Сан бояулы кемпір қосақ иілді ме?

Торы айғыр аунап жерге сүйінді ме?

Өредегі құрт-ірімшік көзін арбап,

Саусқан көктен заулап шүйілді ме?

 

Қарақат, долана мол түсті ма екен?

Қой бүлдірген езіліп пісті ма екен?

Балам келіп қалар деп аяулы анам,

Гүрпілдетіп қымыз саба пісті ме екен?

 

Өтініш

 

Өзгерген жоқ өзгеше ештеңе де,

Бақ пен сор ерте әлде кеш келе ме?

Аямай сыбап-сыбап алыңдар да ,

Апарып тастаңдаршы Бестөбеге.

 

Беу досым домбыраға тақшы тиек,

Айтар ма бебеулетіп жақсы ниет,

Құста өз ұясына қонақтайды,

Шақпыға жатайыншы басты сүйеп.

 

Жүр, досым, жүре көрші, жүр, киінші,

Берейін сансыз сауға, мың сүйінші,

Жылқыда өз жұртында аунайды ғой,

Көлінде балық болып сүңгиінші.

 

Сұлулық күз келгенде гүлден де оңар,

Бір хабар күтеді ғой бізден де олар,

Қарақат бірге теріп қайту үшін,

Қаракөз белде күтіп жүрген болар.

 

Есіктен ерке ғұмыр төрге ұласып,

Барады қадау-қадау жолды басып.

Қос торыны тайпалтып қайтайықшы,

Бір тостаған қымызбен шөлді басып.

 

Болсаңшы енді, досым, сүйіретілмей ,

Болмаса мына жүрек күйірейтіндей.

Қаратау қабақ шытты, қарасаңшы,

Сан асау қалды ғой деп үйіретілмей.

 

***

 

Жапырағы жыламаған күз келді,

Қобызының қыл ішегін боздатып.

Сағынышқа сартап қылған біздерді,

Әлі күнге уақыт жүр толғатып.

 

Жамалына сызат түсіп жаз қайтты,

Қайың қалды күрсініп. 

Қаздар ғажап жүректегі назды айтты,

Тыңдады аспан түршігіп.

 

Сүмбіленің жанарына жасты іркіп,

Домбырадан естіледі қоңыр мұң.

Қарашыққа қорған болған қас-кірпік,

Қасіреттің табытына көмілдің.

 

Тереземе қонақтаған ақ сәуле,

Сәлем айтты бейуаққа.

Күз өмірге,

Қонақ па екен, бақ па әлде,

Жылстайды қай жаққа?

 

***

 

Күз жайғасты қасыма кеп,

Үндемеді, үндемедім.

Қар жауды ғой басыңа деп,

Күлген болды күлмеп едім.

 

Диуана өмір сыбыр етті,

Кемпір болар қардың қызы.

Онсыздағы ғұмыр өтті,

Күз қасында жалғыздығы.

 

Аяаз болып таяпты мұң,

Тұлғасына атыраптың.

Ағыл-тегіл аяап тұрмын,

Жан жүрегін жапырақтың.

 

Сор сыйлаған сол аяулым,

Қоштасқан түн сол баяағы.

Жапырақты мен аядым,

Ал мені өзі кім аяды?

Хамит АйдарұлыҚайтқан құстар сұңқылына сыр қосып

 

Хан қараша

 

Қыр басынан кетіпті де ай аунап,

Қыр басында қалыпты ғой тай аунап,

Кету үшін жолға шығып жетіпті,

Хан-қараша баяулап.

 

Өткен жылы өкпе артып кетіп ең,

Содан қуып биыл әрең жетіп ем.

Жанға ашпаған сырларымды тыңдауға, 

Сәл кідіре тұрасың ба, өтінем?!

 

Керуеніңе қоңыр күймең жарасып,

Қобыз далаң жолыңа тұр бал ашып,

Сағынғандар бассыншы бір зарығын,

Терезеңнің пердесін қой сәл ашып.

 

Қоңыр күймең қоңыр түйме тағынған,

Жүректі де сен емдейсің ауырған.

Жырға деген мендегі бар іңкәрлық,

Сенің жылы шуағыңнан алынған.

 

Дерті асқынып айдың тісі кетілді,

Тым асыға күтем жылда көшіңді.

Есік қақсаң есім шыға қуанам,

Өзіңменен еншім ортақ сеікілді.

 

Қоштасу 

 

Күзге құстар қошын айтты асығып,

Жолдарында жұлдыз жатты шашылып.

Өткен күннің қасіретін арқалап,

Өткен күннің қуанышын жасырып.

 

Ай төбеде тұрып алды әндетіп,

Түн сылқым ғой қойған оны дәндетіп.

Жол шетінде жанталасты, не шара,

Жапырақтың жүрегінен жан кетіп.

 

Қорқыт ғұмыр домбыраңа тақ тиек,

Зар күйіңе сосын басты жат сүйеп.

Қарашаға қарай-қарай жете алмай,

Көбелек те соңғы мәрте қақты иек.

 

Қартаң қайың кетіпті ғой тым азып,

Алқарадан болсадағы күн азық .

Қайтқан құстар сұңқылына сыр қосып,

Торғын белдер күрсінуде құлазып.

 

Көк жайлауға ақбоз үй тігілді ме 

 

Көктемге аман, төрт түлік ілінді ме?

Торы төбел шалғында оқыс сүрінді ме?

Көкті айланып бозторғай шыр-шыр етіп,

Көк жайлауға ақбоз үй тігілді ме?

 

Шомылды ма гүл-бәйшешек қайың нұрға?

Бөленді ме орман, шатқал, сайың дуға?

Желі басы кісінеп құлыншақтар,

Белестерде биелер жайылды ма?

 

Ашты ма Әкем алдымен бұлақ көзін ?

Таңырқап тұр ма қарап құрақ кезім?

Ойнақтап бұзау-тайнша көлеңкелеп,

Құлдыраңдап жүр ме екен ылақ-қозым?

 

Ақша бұлттар жылыстап шыңда кілікіп,

Ақжауынын кер жайлау таңда бүркіп.

Жаңа ғана үйіреткен шу асауың,

Осқырынып ат ағашта тұр ма үркіп?

 

Сан бояулы кемпір қосақ иілді ме?

Торы айғыр аунап жерге сүйінді ме?

Өредегі құрт-ірімшік көзін арбап,

Саусқан көктен заулап шүйілді ме?

 

Қарақат, долана мол түсті ма екен?

Қой бүлдірген езіліп пісті ма екен?

Балам келіп қалар деп аяулы анам,

Гүрпілдетіп қымыз саба пісті ме екен?

 

Өтініш

 

Өзгерген жоқ өзгеше ештеңе де,

Бақ пен сор ерте әлде кеш келе ме?

Аямай сыбап-сыбап алыңдар да ,

Апарып тастаңдаршы Бестөбеге.

 

Беу досым домбыраға тақшы тиек,

Айтар ма бебеулетіп жақсы ниет,

Құста өз ұясына қонақтайды,

Шақпыға жатайыншы басты сүйеп.

 

Жүр, досым, жүре көрші, жүр, киінші,

Берейін сансыз сауға, мың сүйінші,

Жылқыда өз жұртында аунайды ғой,

Көлінде балық болып сүңгиінші.

 

Сұлулық күз келгенде гүлден де оңар,

Бір хабар күтеді ғой бізден де олар,

Қарақат бірге теріп қайту үшін,

Қаракөз белде күтіп жүрген болар.

 

Есіктен ерке ғұмыр төрге ұласып,

Барады қадау-қадау жолды басып.

Қос торыны тайпалтып қайтайықшы,

Бір тостаған қымызбен шөлді басып.

 

Болсаңшы енді, досым, сүйіретілмей ,

Болмаса мына жүрек күйірейтіндей.

Қаратау қабақ шытты, қарасаңшы,

Сан асау қалды ғой деп үйіретілмей.

 

***

 

Жапырағы жыламаған күз келді,

Қобызының қыл ішегін боздатып.

Сағынышқа сартап қылған біздерді,

Әлі күнге уақыт жүр толғатып.

 

Жамалына сызат түсіп жаз қайтты,

Қайың қалды күрсініп. 

Қаздар ғажап жүректегі назды айтты,

Тыңдады аспан түршігіп.

 

Сүмбіленің жанарына жасты іркіп,

Домбырадан естіледі қоңыр мұң.

Қарашыққа қорған болған қас-кірпік,

Қасіреттің табытына көмілдің.

 

Тереземе қонақтаған ақ сәуле,

Сәлем айтты бейуаққа.

Күз өмірге,

Қонақ па екен, бақ па әлде,

Жылстайды қай жаққа?

 

***

 

Күз жайғасты қасыма кеп,

Үндемеді, үндемедім.

Қар жауды ғой басыңа деп,

Күлген болды күлмеп едім.

 

Диуана өмір сыбыр етті,

Кемпір болар қардың қызы.

Онсыздағы ғұмыр өтті,

Күз қасында жалғыздығы.

 

Аяаз болып таяпты мұң,

Тұлғасына атыраптың.

Ағыл-тегіл аяап тұрмын,

Жан жүрегін жапырақтың.

 

Сор сыйлаған сол аяулым,

Қоштасқан түн сол баяағы.

Жапырақты мен аядым,

Ал мені өзі кім аяды?

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар