«КЕШ» қойылымының арнайы көрсетілімі өтеді
Бөлісу:
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 30 қараша күні сағат 19.00-де «КЕШ» қойылымының арнайы көрсетілімі өтеді.
Спектакльде басты рөлді театрдың негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 83 жастағы ақ самайлы актриса Рымкеш Омарханова сомдайды.
Туынды авторы – Алексей Дударев. Қазақ тіліне аударған – Фариза Оңғарсынова. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы суретші – Дәулет Доспаев.
«КЕШ» қойылымы туралы деректер:
- Спектакльдің премьерасы 2009 жылы 5 наурыз күні өтті.
- жанр – драма.
- 2009 жылы ақын Фариза Оңғарсынова аударма авторы ретінде спектакльдің репетицияларында болып, премьерасына қатысты.
- Қазақстан драма театрларының ХVIII Республикалық фестивалінде Гран-При иеленді (2010 ж, Тараз қаласы)
- Бұл қойылымда бар болғаны 3-ақ актер өз өнерлерін ортаға салады.
- Қаллеки театрының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рымкеш Омарханова «Кеш» спектакліндегі басты кейіпкер Ганна рөлінең алғаш 70 жасында сомдады.
- Бүгінде 83 жасқа толған ақ самайлы актриса Ганна рөлін өз деңгейінде сомдап жүр.
- Василий (Мультик) рөлін екі құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақыш Омар, Болат Ыбыраев сомдайды.
- Никита (Гастрит) рөлін бір ғана құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрам Қайсанов сомдап келеді.
- Ганна рөлін екінші құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Күлия Қожахметова сомдайды.
- Спектакль ұзақтығы 1 сағат 50 мин (2 актілі)
- «Кеш» - философиялық мағынасы терең шығарма. Спектакльдің негізгі айтар ойы: «ата-анамызға мейілінше қамқорлық көрсетіп, парызымызды өтеуден КЕШ қалмайық».
- Репертуардағы көрермен сұранысына ие спектакль.
Аннотация: «Келешегі жоқ» бүгінгі ауылдың күйі. Онда тек балаларынан хат-хабар күтетін қарттар ғана қалған. Бар ермектері – құдықтан су тарту... Дударевтың «Кеш» спектаклін тамашалай отырып, Жаратушының адамды жер бетіне жіберуінің мақсаты – жұдырықтай жүрегінің жылуымен осынау суық дүниені жылыту екен-ау деген ойға қаласыз...
Толық ақпарат үшін:
+ 7 705 990 2595 Ақерке И.
Бөлісу: