Ғұламаның ғұмыры

Бөлісу:

02.03.2023 1478

Бүгін Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана төрінде Моңғолия қазақтарының ХХ ғасырдағы жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, жазушы-драматург, аудармашы Құрманхан Мұқамәдиұлының 100 жылдық мерей тойына арналған әдеби-танымдық кеш өтті. Құрманхан Мұқамәдиұлын еске алуға арналған «Ғұламаның ғұмыры» атты танымдық кешке Моңғолия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дор­жийн Баярхүүд, Халқаралық «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы, филология ғылымдарының докторы, түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы, ақын, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан, ақын, әдебиеттанушы Сұраған Рахметұлы қатарлы ұлт зиялылары қатысты. Аталмыш кешті ақын, жыршы Баянғали Әлімжанұлы жүргізді. Сіздерге осы кештен арнайы фоторепортаж ұсынамыз. 

Осы кеште Құрманхан Мұқамәдиұлының өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін «Ғұламаның ғұмыры» атты кітаптың тұсауы кесіліп, оқырман қауымға таратылды. 

Осы кітаптың алғы сөзін жазған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Түркітану және алтайтану орталығының директоры, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының сөзіміен сипаттасақ: «Ұлу жылы (1964) Ұлы тұлға ғұмырының ең соңғы сәті аяқталған-ды. Өр Алтай деген әппақ құзарлы қарлы таудың арғы беті, бергі шетін жайлап, қыстаған қоңырқай қазақтың қоңыр шаңырағында доңыздың (1923) күзінде Көктоғай Дөренің көлі мен көңінің, құрағы мен бұлағының, ермені мен жусанының нәрі жұғып, иісі сіңген бөз жөргек, жабағы құндақта туған ұл. Ол – бүгінгі 100 жыл, бір ғасырдың куәсі – Құрманхан баһадүр Мұқамәдиұлы». 

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар