Валерия Крутова. Екі тілдің < арасында
Бөлісу:
***
әшкерелеуші детектор бәрін белгілеп жатыр
өтірік айтқанда қаншалық қиналатыныңды
өтірік – тіршілік заңдылықтарына қарсы
шындықтан алыстаған сайын қауіптірек
Әшкерелеуші детектор аман қалуға дайындығыңды анықтайды
жаныңды сығып, жылы үрейдің шарфын айнала тоқиды
бір сиқыр көрсетейін бе?
төһ
шошыттың ғой
***
алдымда адам тұр еді
қолында – инсульт бар
ол оны тіл алмайтын саусақтарымен
мәпелеп сипап тұрды да
артынша шылымын тұтатты
***
таңғы алтыда тұрып
паркті кесіп жаяу жұмысыма барамын
жолымда кептерлер мен иесіз самокаттар
құлағымда әуен ойнап
өз ойларымның да қасынан өте шығамын
әлі мылқау күннің ыстығы
таңды
асфальтке жаншымай тұрғанда
***
бірге қалудың жолдарын табайықшы
<ғажайып топас>
картопқа кетіп
грецияға барамыз
<жылынуға>
иегова куәгерлерінің қосымшасына
тіркелуді сатып аламыз
<бәрібір деп – қан құю үшін>
FB дағы аккаунттарымызды сатып
messenger-ге ешқашан кірмейміз
<қабырғадағы керең сөздермен>
жаңа жыл түні
қоршауға етік лақтырамыз
<сен қыздардың / мен ұлдардың>
тұманды шампан ішіп
шырша ойыншықтарының <жарғышақтарынан>
салат жасаймыз
<жабық> музыкалық училищеге түсеміз
<бұзылған аспаптарда>
өзіміз жайлы реквием ойнаймыз
... немесе оданша
сен кино түсір
мен холодец қайнатып
оны жерге төккенім…
жарақаттанып қалмас үшін
сүйектердің бәрін етінен ажырат
өйткені біз қайта...
***
олардің ендігі өмірі
екі тіл < арасында
екі белдеу < арасында
екі <...> < арасында
жалғыз
***
жүрек – күн болып
табаныма құлайды
олар – жарқырап тұр
алматы, қаңтар 2022
***
әріптесім айтты
if you were a movie
i would
watch you every dayорындалмайтын уәде
корпоративті мәдениетті бұзады
топтың бірлігіне кедергі келтіреді
тұлғааралық қарым-қатынасты құртады
if i were a movie
оған kinopisk-тағы рецензия да жетер еді
irecommend-тегі пікір
imdb-дағы рейтинг
қара бетке ақпен жазылған
қосымша бетті жабу үшін
not to be continued
***
<көп сөз айттым
біреуі де іске аспады>
түйелер өзіне залал келтірген жандарды
ұмытпайды
қаталап шөлдегенде
жүз литрлеп су ішеді
түйенің қалың еріндері
қатты
тікенек басқан
өсімдіктерді жеуге көмектеседі
қазір мен
жүз литр сені ішіп
ернімді жырып
шөлдеп өлуіме болады
сосын ұмытып
яғни
ұмытып өлуіме болады.
(Орыс тілінен аударған Айжарық Сұлтанқожа)
Бөлісу: