Хосе Мария Каноның көрмесі
Бөлісу:
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Шындық немесе шынайылық?» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Мақсат - келушілерді испан мәдениетімен таныстыру, сонымен қатар Хосе Мария Каноның ерекше техникасын көрсету, болашақ суретшілдердің қызығушылығын арттыру, энкаустика техникасының құпиясын сезінту болатын.
Суретші 1959 жылы Мадридте дүниеге келген. 10 жасынан сәулет институтына түсуге дайындалу үшін Рафаэль Идальго де Кавьедес академиясына, содан кейін «Artaquio» академиясына барды. Сәулет факультетінің бірінші курсында ол энкаустика шеберлігін суретші болған формаларды талдаумен айналысатын профессор суретшіден үйренеді.
Хосе Мария Кано 2002 жылы кәсіби түрде жұмыс істей бастады және оның алғашқы көрмесі 2004 жылы Крейг Робинстің жеке кеңістігінде өтті. Мексикалық галереяшы Рамис Барке бұл көрмені көргеннен кейін Хосе шығармаларынан өзінің коммерциялық көрмесін ұйымдастырады. Кано – Мадрид, Лондон, Милан, Шанхай, Пекин, Ханой, Киев, Мәскеу, Прага, Варшавадағы көптеген көрмелердің қатысушысы.
«Шындық немесе шынайылық?» көрмесін құрайтын барлық жұмыстар энкаустика – «өртеу өнері» техникасында орындалған. Суретшінің палитрасына кіретін негізгі байланыстырушы компонент – балауыз.
Сондай-ақ, көрмеде ұсынылған барлық 19 картинасында Кано түнгі шырақтың жұмбақ жарығына жүгінеді. Ол «Мекано» поп-группасының мүшесі болған кезде Айға өзінің ең танымал болған «Айдың ұлы» ән-балладасын арнаған болатын. Кейін ол Лондонда қойылған премьерасында басты партияны Пласидо Доминго орындаған «Ай» операсын жазды. Каноның каталогына арналған эссесінде Марко Ливингстон: «Кано туындыларында Ғалам жаратылысының жұмбақтығы сияқты тылсым әрі түсіндіруге келмейтін әлем жасалады», - деп атап өтті.
Бөлісу: