Көпен келе жатыр...

Бөлісу:

29.03.2023 1728

Бүгін Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы-сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбектің «Көпен келе жатыр!..» атты бестомдық шығармалар жинағының тұсаукесері өттті. Тұсаукесер рәсіміне Жарылқап Бейсенбай, Дархан Мыңбай, Нұртөре Жүсіп, Бауыржан Омаров, Бердібек Сапарбаев және басқа да белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Іс-шараны журналист Шархан Қазығұл жүргізді.

Айта кетейік, Көпен Әмірбек «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, «Білім және еңбек», «Ара-Шмель» журналында жауапты хатшы, ҚР Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген. Сондай-ақ «Ара» журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы болған. 

Әр жылдары жарық көрген «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады», «Қысыр әңгіме», «Ауызбастырық», «Мың бір мысал», «Неменеңе жетісіп күлесің?», «Өзіңді танисың ба?», «Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін», «Көрмейін десем көзім бар», «Сөйле десең сөйлейін»,  «Батпанқұйрық», «Көкемнің көзі», «Із», «Па, шіркін, пародия», «Жұма сәлем», «Жігіттер жиыны» атты әзіл-сықақ, пародия кітабы арқылы оқырмандарға кеңінен танылды. «Тамаша» ойын-сауық отауының белсенді авторы болып, өзі құрған «Көпен келе жатыр!..» әзіл-сықақ, пародия театрымен де көрерменнің көзіне түскен. Өмірінің соңғы жылдарында «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің «Ара» қосымшасында редакторлық қызмет атқарған. Газеттің аталмыш қосымшасы әлі күнге дейін тұрақты түрде шығып келеді.

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар