HIKAYA заманауи өнер кешіне шақырамыз!

Бөлісу:

29.03.2023 1197

Астана қаласы, «Жастар» сарайында 2 сәуір күні tauel[dı]sız жобасының HIKAYA заманауи өнер кеші өтеді.

tauel[dı]sız – əн мен əуендi, би мен өнердi поэзиямен ұштастырған арт-жоба.

Кеште адамзат пен жасанды зият байланысы, саяси ахуал, табиғат пен діл мәселесі және әлем назарын аулаған сұм соғыс медиасауат тұрғысынан сахналанады. Заманауи қазақ поэзиясының өкілдері – Әсел Кәрібай, Тұрсынбек Башар, Жұлдыз Молдағали, Файзолла Төлтай, Мақпал Жұмабай, Ислам Қабыл, Әсем Құлманова, Бауыржан Майтай сынды ақындардың өлеңдері оқылады. 

Өнер кешіне белгілі қаламгерлер, тәуелсіз ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Жоба туралы: tauel[dı]sız жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мақсаты – қоғамдағы түрлі әлеуметтік, өзекті мәселелерді өнер арқылы кең көпшілікке жеткізу. Сондай-ақ, заманауи поэзия өкілдері — жас авторлар мен олардың шығармашылығын таныту. Жоба 2021 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының және Халықаралық ARTIF Awards байқауының жеңімпазы.

HIKAYA кеші АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды. Авторлар пікірі USAID, АҚШ үкіметі немесе Internews көзқарасына сай келмеуі мүмкін. 

Өтетін орны: «Жастар» сарайы, Республика көшесі 34. 

Уақыты: 2 сәуір, сағ. 19.00

Қосымша сұрақтар үшін: 

 +7 747 319 63 89 Айдана

 +7 747 363 80 46 Әсем

Бөлісу:

Көп оқылғандар