Зейнолла Қабдолов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері

Бөлісу:

26.04.2023 1431

Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2022 жылдың 7-8 желтоқсанында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, жазушы, академик З.Қабдоловтың 95 жылдығына арналған «­Қабдолов оқулары» XV халықаралық ғылыми-практикалық  халықаралық конференция өтті. 

Конференцияның тақырыбы: «З.Қабдолов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері».

Бұл конференция З.Қабдоловтың ғылыми және әдеби мұрасын қазіргі заман тұрғысынан терең таныту, отандық әдебиеттануға қосқан үлесі мен еліміздің әдеби-мәдени даму үдерісіндегі рөлін айқындау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Академик З.Қабдолов – тек қазақ әдебиеттану ғылымы емес, сондай-ақ Қырғызстан Республикасының да ғылымына еңбек сіңірген қайраткер екені белгілі. Конференцияға еліміздің көрнекті әдебиеттанушы ғалымдары, жазушылар ,көршілес қырғыз елінен арнайы келген академик Ахматалиев бастаған ғалымдар  мен шәкіртері қатысты.

Конференция аясында 4 секция жұмыс істеді:

1. З. Қабдолов – ұстаз, ғалым, жазушы, қоғам қайраткері

2. Әдебиет теориясы және фольклортану 

3. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері

4. Әдебиетті оқыту әдістемесі.

    Сонымен қатар, конференция қорытындысы бойынша материал жинағы да шығарылады.

З.Қабдолов бір кезде «Менің Әуезовім» дегені сияқты, бұл конференцияға келгендердің, жалпы ғалымды білетін әр адамның көңіл түкпірінде өз Қабдоловы бар екені анық. Алдағы уақытта да «Қабдолов оқулары» әлі де жалғасын табатынына сенеміз. Себебі, ұлағатты ұстаздың қамқорлығын көрген шәкірттері барда ғалымның хаты да, аты да өшпейді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұлы ұстазды ұлықтаудағы игі істері жалғасын таба бермек.

Советхан ТІЛЕУБАЕВ - доцент, ф.ғ.к.

Анар БАҒАШАРОВА - 

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы

кафедрасының 1-курс докторанты

Бөлісу:

Көп оқылғандар