Алпысбай Қазғұловтың жеке көрмесі

Бөлісу:

05.05.2023 1444

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде суретші Алпысбай Қазғұловтың «Көктемгі самғау» көрмесі өтті. Көрмеде уақыт байланысы, бабалардың рухани мұрасы, көшпенділер әлемі, дала мен ауыл философиясы, қазақ әдет-ғұрпының сабақтастығы, әйел сұлулығына тәнті болу сынды оның шығармашылығын насихаттайтын туындылар қойылған. 

Алпысбай Қазығұлов өз суреттері арқылы халықтың қиындықтарды жеңе отырып, жарқын өмірге қалай бара жатқаны туралы айтуға тырысады. Ол отыз жылдың ішінде жеті мыңнан астам картиналар салды, олардың басым бөлігі Еуропа, Азия, Американың галереялары мен жеке коллекцияларына тарап кеткен. Сонымен қатар суретші өз коллекциясына қазақстандық және ресейлік авторлардың 2000-нан астам кескіндеме, графика және мүсін үлгілерін жинады. Оның шығармашылық туындылары елордалық заманауи өнер музейінің, Президенттік мәдени орталықтың, Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің, ҚР Ұлттық музейінің көркемсурет қорын бірнеше рет толықтырды. Оның шығармашылығын қастерлеушілер - Лайма Вайкуле, Дидье Маруани, Жерар Депардье, Патрисия Каас, Бельгия князі Лоран және тағы басқалар.

Коллекционер Қазғұловтың көркемсурет мұрағатында Әбілхан Қастеев, Жаңатай Шарденов, Салихитдин Айтбаев, Владимир Эйферт, Ким Кузнецова сынды атақты суретшілердің және басқа классиктердің туындылары сақталған. 

Бүгінгі таңда бұл суретші Қазақтандағы және республикадан тысқары жерлердегі ең сұранысқа ие суретшілердің бірі. Оның көрмелері Белгияда, Қытайда, Түркияда, Ұлыбританияда, Ресейде, Жапонияда, Нидерландыда өтті. Енді Әлем оның көзімен біздің елімізді көріп отыр. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар