Әй, қыз, көзіңді аш!

Бөлісу:

11.07.2023 1573

Астанада, Ұлттық академиялық кітапханада қазақ тіліндегі «Әй, қыз, көзіңді аш!» кітабы таныстырылды. Кітап авторы – белгілі америкалық жазушы, әйелдердің қоғамдағы проблемаларын халықаралық деңгейде көтеріп жүрген спикер Рейчелл Холлис. Шығарушы – Alqa баспасы.

Кітап туралы: 

Әйелдердің басым бөлігі – қоғам таңған стереотиптердің құрбаны. «Әйел олай істемеуі керек», «Әйел мынадай болуы керек» деген сияқты бала күнінен санасына сіңген өтіріктермен өмір сүріп келеді. Олар өзінің кім екенін, өмірге не үшін келгенін ұмытып, құндылықтарын шатастырып алған. Қоғамда арманынан адасып, қорқынышпен өмір сүріп жатқан әйел қаншама?!

Рейчел Холлис «Әй, қыз, көзіңді аш» кітабында кез келген әйелдің тіпті ең жақын құрбысына айтуға батылы бармайтын сырын ашады. Әйелдердің өмірін улап келген 20 өтірікті тізіп, оларды мойындаудың, олармен күресудің жолын ойнақы, күлкілі, ең бастысы жүрекке жылы тиер мейірімді оқиғалар арқылы суреттейді. 

Alqa баспасы туралы:

Alqa – 2022 жылы ашылған, әйелдер тақырыбында контент әзірлейтін баспа үйі. Мақсаты – қазақ қыздарына, қазақ әйелдеріне арналған сауатты контент әзірлеу, әйел тақырыбын қозғайтын әлемдік туындыларды қазақ тіліне аударып, оқырманға жеткізу арқылы қоғамды, жас ұрпақты ізгілендіруге үлес қосу.

Бөлісу:

Көп оқылғандар