Мақала жазып, қаламақы ал
Бөлісу:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Тіл саясаты комитеті
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетенін әзірлеудің
ЕРЕЖЕСІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жаһандану кезеңіндегі терминологияны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақалаларды қабылдау талаптарын белгілейді.
ҰСЫНЫЛАТЫН ЕҢБЕКТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ
«Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетендерінде жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:
- Салалар бойынша жаңа терминдер мен олардың негіздемелері, жаңа терминдердің шығу тегі, тарихы, мазмұны;
- Терминдерді біріздендіру мен іріктеудің мәселелері, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер, олардағы қолданыстағы критерийлер мен олардың қазақстандық ортаға бейімділік талаптары;
- Терминдердің қоғамда қабылдану жолдары, олардың тәсілдері, тәжірибелер мен нақты нәтижелер, байқау нәтижелері;
- Бұқаралық ақпараттағы терминдерді пайдаланудың өзекті мәселелері, проблемеларды шешу жолдары, қазақ терминологиясын дамытудағы рөлі;
- Терминдердің қолданыстағы сипаты, өміршеңдігі немесе өміршең еместігінің белгілері, проблеманы тудырушы факторлар, тәжірибелер мен олардың нәтижелері, статистикалық мәліметтер;
- Терминдерді іріктеу мен бекітудің талаптары мен бейімдеу жолдары, проблеманы шешу жолдары, тәжірибе, статистикалық мәліметтер.
ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;
- Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;
- Мақаланың көлемі 5-7 бет;
- Мақала атауы бас әріптермен, авторлар туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі) жазылады;
- Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];
- Мақалалар k.karlygash@tilqazyna.kzэлектронды поштасы арқылы 2023 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады.
МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ
- Электрондық журналға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
- Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
- Электронды журнал «Termincom.kz» сайтына орналастырылады.
Бөлісу: