«Қазақша мәзір» республикалық конкурсынна шақырамыз

Бөлісу:

18.09.2023 848

ЕРЕЖЕСІ

1. Конкурстың мақсаты

1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №94 Заңына сәйкес барлық маңдайшаларды, жарнамаларды, баға белгілерін, мәзірлерді, жол белгілерін және басқа да объектілерді қазақ тілінде жазу міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағын арттыру, ұтымды термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау, қолдау.

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

2.1. Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті.

2.2. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2023 жылдың 3-тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

2.3 Конкурс 2023 жылғы 9 қазан 3 қараша аралығында өтеді.

2.4. Конкурсқа қатысу туралы өтінім 2023 жылы 9 қазанға дейін қабылданады. Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

3. Конкурсқа қатысу тәртібі

3.1. Конкурсқа жасы 18-ден асқан қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері, тағамтану саласының мамандары, терминтанушылар, жоғары оқу орнының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, студенттері және тіл жанашырлары қатыса алады.

Ескерту: бұған дейінгі конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің өтінімі қабылданбайды.

3.2. Конкурсқа қатысу үшін үміткер өтінімді (осы Ереженің қосымшасына сәйкес үлгіде және қол қойылған, сканерлеген нұсқасын) termincom2021@gmail.com электрондық поштасына 2023 жылы 9 қазанға дейін жолдайды.

3.2.1. Өтінімді жібергеннен кейін конкурсқа қатысушы «Теrmincоm.kz» сайтындағы Электрондық алаңға (бұдан әрі – Алаң) тіркеледі.

3.3. Конкурс 4 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – «Термин талқы» – іріктеу кезеңі. Конкурсқа қатысушылар «Теrmincоm.kz» сайтындағы «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына тіркеліп, «Қызу талқыдағылар», «Ұсыныстар», «Сауалнамалар» бөлімінде жарияланған барлық терминдерге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын жазуы керек. Бұл – конкурсқа қатысудың басты талаптарының бірі, іріктеу кезеңі. Осы кезеңнен өткен үміткерлер ғана конкурстың келесі кезеңіне жіберіледі.

Екінші кезең – «Термин зерде». Конкурсқа қатысушыларға тағамтану саласындағы шеттілдік 30 термин ұсынылады. Үміткер осы тізбедегі кем дегенде 15 терминді таңдап, қазақша баламаларын береді. Терминдердің анықтамасы, түпнұсқа тілдегі формасы, мағынасы ашылып, үлгіге сәйкес сараптама жасалынады, алынған дереккөздері көрсетіледі.

Үшінші кезең – «Мәзіріңіз әзір ме?». Қатысушылар асхана, кафе, бар, мейрамхана және т.б. қоғамдық тамақтану орындарындағы ас мәзірлерінің қазақ тіліндегі қолданысына талдау жасап, ұтымды және ұтымсыз тұстарын ашып көрсетеді. Талдау жасау үшін конкурсант кем дегенде 5 тамақтану орнындағы немесе онлайн нұсқадағы 5 ас мәзірінің (міндетті түрде қазақшасы болуы шарт) скриншотын жасап, ұтымды және ұтымсыз тұстарын немесе қателерін ашып көрсетеді; баламасы болмаған немесе ұтымсыз болған жағдайда өз нұсқаларын ұсынады.

Төртінші кезең – «Термин-тезис». Тағамтану саласы немесе ас мәзірін қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша тезис әзірлейді. Тезиске қойылатын талаптар: тезис атауының ғылымилығы; өзекті мәселенің көтерілуі; қатысушының ұсынған дәйектеріне келтірген дәлелдерінің ұтымдылығы, тұжырым-пайымының бар болуы және аталған саланың терминдері мен атауларының мейілінше көбірек қамтылуы; тезистің түпнұсқалығы (көшіріп алған мәтін қабылданбайды); тезис көлемі 200-250 сөз (шрифт Times New Roman, А4 форматы, 14 кегль, интервал 1).

3.3.1. Конкурстың бірінші кезеңі бойынша termincom2021@mail.ru электрондық поштасына үлгіге сәйкес толтырылған өтінімді жібергеннен кейін конкурсқа қатысушы «Теrmincом.kz» сайтындағы Электрондық алаңға тіркеліп, «Қызу талқыдағылар», «Ұсыныстар», «Сауалнамалар» бөлімінде жарияланған бекітілетін терминдерге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын жазып, талқылауға қатысады, өз пікірлерін Алаңда білдіреді.

3.3.2. Конкурстың екінші кезеңі бойынша терминдер тізбесі мен сараптамасын алдымен жоғарыда көрсетілген электрондық поштаға жіберіп, кейін ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген күннен кешіктірмей Алаңда жариялау қажет.

3.3.3. Конкурстың үшінші кезеңінде қатысушылар асхана, кафе, бар, мейрамхана және т.б. қоғамдық тамақтану орындарындағы ас мәзірлерінің қазақ тіліндегі қолданысына талдау жасап, ұтымды және ұтымсыз тұстарын ашып көрсетеді. Талдау жасау үшін конкурстант кем дегенде 5 тамақтану орнындағы немесе онлайн нұсқадағы 5 ас мәзірінің (міндетті түрде қазақшасы болуы шарт) скриншотын жасап, соңынан ұсынылған үлгіге сай шамамен 15-тен кем емес тағам атауының (терминнің) қазақша баламаларына талдау жасайды; баламасы болмаған немесе ұтымсыз болған жағдайда өз нұсқаларын ұсынады. Орындалған тапсырманы алдымен жоғарыда көрсетілген электрондық поштаға жіберіп, кейін ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген күннен кешіктірмей Алаңда жариялау қажет.

3.3.4. Конкурстың төртінші кезеңі онлайн түрде өткізіледі. Конкурстың ІІІ кезеңінен іріктелген қатысушылар тағамтану саласы немесе ас мәзірін қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми тезис жазуға өз бетінше дайындалады. Соңғы кезеңнен үш күн өткен соң ұйымдастырушылар тарапынан белгіленген уақытта қатысушылар тезистерін онлайн форматта орындайды. Тезистер қазылар алқасына бағалауға ұсынылады. Қатысушыларға түпнұсқалық тезистерін толықтырып, «Терминологиялық хабаршы» республикалық журналына мақала ретінде ұсынуға мүмкіндік беріледі.

4. Конкурс материалдарын бағалау және қорытындылау тәртібі

4.1 Конкурсқа ұсынылған жұмыстардың мазмұны мен сапасына қойылатын критерийлер:

- терминнің терминжасам әдістеріне сәйкестігі;

- терминнің лингвистикалық нормаларға (лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық) сәйкестігі;

- терминнің қазақ халқының дүниетанымдық, мәдени болмысын танытуға уәжді қызмет ету деңгейі;

- салалық терминнің дефинициясының ашылуы;

- терминнің сөз тіркестерінен емес, мүмкіндігінше жеке сөздерден жасалуы;

- тиісті саладағы қолданыс деңгейінің жоғары болу ықтималдығы;

- тезис жазуға қойылатын талаптардың орындалуы.

4.1.1. Ұсынылған материалдар «Termincom.kz» cайтындағы «Қазақ терминологиясы мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңына орналастырылады.

4.1.2. Конкурсқа қабылданған құжаттар кері қайтарылмайды.

4.2 Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін филология, тағамтану салаларының білікті мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділерінен (бес адам) тұратын қазылар алқасы құрылады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қазылар алқасы қатысушының (аты-жөні көрсетілмей) орындаған тапсырмасына ұйымдастырушылар белгілеген кодтық нөмірі бойынша ашық дауыс беру арқылы анықтайды.

4.3 Конкурстың жүлде қоры

Бас жүлде – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.

I орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге.

II орын – 100 000 (жүз мың) теңге.

III орын – екі жеңімпаздың әрқайсысына 70 000 (жетпіс мың) теңге.

Ынталандыру сыйлығы – төрт жеңімпаздың әрқайсысына 25 000 (жиырма бес мың) теңге.

4.3.1. Конкурстың марапаттау рәсімі Астана қаласында өткізіледі. Жеңімпаздардың жол, тәуліктік шығыны ұйымдастырушылар тарапынан төленеді, қонақүйге орналастырылады.

ӨТІНІМ ҮЛГІСІ - http://cloud.tilqazyna.kz/index.php/s/o23Cfd7WnXbq…

Бөлісу:

Көп оқылғандар