Нобель сыйлығының иегері белгілі болды

Бөлісу:

05.10.2023 872

Биылғы Нобель сыйлығы норвегиялық жазушы, драматург Джон Фоссеге берілді. Бұл сыйлыққа осы уақытқа дейін, әрине, көп қаламгер үміткер болғаны белгілі. Дей тұрғанмен Нобель академиясының қазылары Фоссенің шығармашылығын жоғары бағалаған. Сарапшылардың пайымнша, Фоссе – қазіргі замандағы ең танымал драматургтардың бірі. 

Ал театр мамандарының пікірінше, оның пьесаларындағы сюжеттің дені өзіне деген сенімсіздік, өз күшіне сенбеу, өлімнен қорқу секілді адамның бойындағы әлсіз қасиеттерге негізделіп жазылған.

Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде оған қатысты: «Аталған күмәнді дүниелердің бәрі – әрбір адамға тән құбылыс, сондықтан бұл Фоссені сұранысқа ие автор етеді. Оның шығармаларында ғажап жылылық мен юмор бар»,-дейді Швед академиясының өкілдері.

Сонымен қатар Фоссе театр және әдебиет әлемінде минималисттық үлгісін мойындата білген. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қысқалық пен нұсқалық оның қаламгерлік қарымын өнер ортасына ерте танытқан. 

Джон Фоссе 1983 жылы «Қызыл, қара» деп аталатын романы арқылы танылып, алғашқы пьесасы «Біз де ешқашан ажырамаймыз» деген тақырыппен жарық көрген.

Дж. Фоссенің шығармашылығындағы драматург, жазушы ретіндегі танымал еңбектер: «Жаздың бір күні», «Мен – желмін» секілді пьесалар мен «Таңертең, кешкілік» және «Ұйқысыздық» секілді романдар.

Айта кеткен жөн, Фосседен бөлек биыл Нобель сыйлығының әдебиет атылымы бойынша үміткерлер қатарында Салман Рушди, Харуки Мураками мен Маргарет Этвуд болды.

Бөлісу:

Көп оқылғандар