«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бөлісу:

29.11.2023 1156

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Салтанатты марапаттау рәсімін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов құттықтау сөзбен ашты.

Дәстүрлі «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» республикалық байқауы 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Содан бері конкурс кең өріс алып, қатысушылар қатары көбейіп келеді. Бүгін таңда қазақ тілінде жазатын отандық журналистермен бірге, мемлекеттік тіл туралы орыс тілінде қалам тербейтін қаламгерлер де қатысуда. Бұрын сайтта жарық көрген материалдар өз алдына бөлек ұсынылып келсе, кейінгі жылдары газет жарияланымдарына теңестіріліп, бірдей дәрежеде қарастырылады.

Биыл байқауға 64 өтінім арқылы 145 материал түсті, олардың 123-і қазақ тілінде болса, 17 – орыс тілінде.

Қазылар алқасының құрамы елімізге белгілі қайраткерлер мен танымал журналистерден жасақталды: Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты; Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі; Махат Садық, белгілі журналист, «ҚазКонтент» АҚ кеңесшісі; Молдияр Ергебеков, өнертану докторы, А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры, кино мен медиа саласының зерттеушісі; Ербол Азанбеков, «Qazaq Media Association» (Қазақ Медиа Қауымдастығы) төрағасы.

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ – 2023» байқауының Гран-при жүлдесі мен 1 000 000 миллион теңге сертификаты «Halyq Uni» ақпараттық агенттігінің журналисіӘйгерім Таубайға табысталды.

Басылым беттерінде, сондай-ақ интернет ресурстарда жарық көрген «Үздік мақала» аталымы бойынша бірінші орынды Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің аға тілшісі Анжела Ли (Атырау қ.) жеңіп алды, екінші орын – «Qazcontent» El.kz АҚ ақпараттық агенттігінің тілшісі Амангүл Тілей (Астана қ.).Үшінші орынды №38 (Астана қ.) мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Біржан Ахмер мен «Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газетінің редакторы Достан Елдес өзара бөлісті.

«Үздік теле және радиобағдарлама» аталымы бойынша бірінші орын «Қазақ радиосының» редакторы Азамат Тілеповке бұйырды, екінші орын – «Жетісу» телеарнасы» ЖШС қызметкері Мұрат Жұмабайдың еншісінде(Талдықорған қ.).

«Үздік мақала» және «Үздік теле және радиобағдарлама»жеңімпаздарының әрқайсысына: бірінші орын үшін – 750 000 теңге, екінші орынға – 500 000 теңге және үшінші орын иелеріне 300 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша 9 қатысушы ынталандыру сыйлығына ие болып, әрқайсысы 100 000 теңгені қанжығасына бөктерді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар