Астана және әлем жазушылары

Бөлісу:

26.12.2023 1628

Астана осымен екінші рет әлем әдебиетшілерінің басын қосып, барынша бір мүддеге біріктірді. ХДХЫ ҚБ ("Халықтық дипломатияның халықаралық ынтымақтастығы" қоғамдық бірлестігі), бұдан әрі ХДХЫ көптеген жылдар бойы халықаралық халықтық дипломатия саласында, Қазақстанды жоғары мәдениет аумағы ретінде көрсете отырып, түрлі іс-шаралар өткізіп келеді, ал Елорда мәдениетаралық (әдеби) коммуникацияның орталығына айналды. ХДХЫ және "Қазақстанның Азаматтық альянсы" екеуі, "Қазақстан Республикасының халық дипломатиясы орталығы" халықаралық қорының құрылтайшылары.

ХДХЫ Қазақстанды елден тыс жерлерде танымал ете отырып, көптеген жылдар бойы ағартушылық жұмыстар жүргізіп келеді. 2012 жылы ХХДЫ республиканың барлық облыстарында және бірқатар елдерде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған "Халықаралық публицистика және Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында кітап көрмелерін өткізді. 2022 жылы Астанада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған осындай көрме ұйымдастырылды. Көрменің қонақтары қала жұртшылығы мен шетелдік дипломаттар болды. Көрмеге қатысқан Иранның Қазақстандағы Елшісі Маджид Самадзаде Сабер ХХДЫ әлем халықтарының мәдениеттерін жақындастыру бойынша жақсы және пайдалы жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, көрмеге қатысқан Иран елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Али Кебриайзаде мырза ХДХЫ басшысына Аятолла Хомейни туралы кітап жазуға ұсыныс жасады.

Достастық үнемі шығармашыл жастармен кездесулер ұйымдастырып, өзінің шетелдік достарын белгілі қазақ мәдениет және әдебиет қайраткерлерімен онлайн және офлайн түрде таныстырады. Мысалы, 2020 жылы ХДХЫ Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған халықаралық поэтикалық эстафета өткізді. Оның өлеңдерін түрлі елдердің ақындары оқыды. Үздік оқырмандар марапатталып, Қазақстан Достастығының арнайы дипломдарымен марапатталды.

ХДХЫ өз жұмысында: "Ақындар – бейбітшілік пен жасампаздықтың адамдары. Поэзияның шегі жоқ"- деген ұранды үнемі басшылыққа алып отырады. Қазақстанның әдеби өмірінде тұңғыш рет түрлі елдердің жазушыларымен біріге отырып, "Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық публицистикасы – Мемлекеттің әлемдік достастықтың мәдени кеңістігіне табысты кірігуінің жарқын көрсеткіші"- атты онлайн - конференция өткізді.

2021 жылы Алтын Орданың 750 жылдығына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Әдеби Азия" атты I Халықаралық әдеби байқау өтті. Оған 20 елден 200-ден астам жазушы қатысты. 

2023 жылы Қазақстан мен Египеттің дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығына және Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған "Әдеби Азия-2023" II байқауына 60 елден 400-ден астам жазушы қатысты! Байқауға қатардағы жазушылармен қатар, елдерінде "Халық ақыны", "Халық жазушысы" деген жоғары атақтарға ие болғандар және басқа да еңбек сіңірген мәдениет және әдебиет қайраткерлері өз шығармаларын ұсынды. Қазақстандық халықаралық қазылар алқасының құрамында 100-ге жуық адам жұмыс істеді, әлемнің жоғары кәсіби жазушылары: ғалымдар-профессорлар мен доценттер, филология ғылымдарының кандидаттары мен докторлары, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, халықаралық әдеби конкурстардың жетекшілері, өз елдерінде және шетелде танымал жазушылар, мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлеріне дейін болды.

Енді, өз байқауымыздың қорытындысын ұсынамыз. 

"Поэзия" номинациясында бас жүлдені Хосе Лиссидини Санчез (Перу), Юзленко Татьяна (Украина), Тажхрид Боу Мерхи (Ливан), Байбулатов Насрулла (Дағыстан), Жұмаева Гүлбахор (Өзбекстан), Сәтбаев Оразбай (Қарақалпақстан), Кармен Парада (Мексика), Галина Матвеева (Чувашия), Хуан Осорио Рохас (Куба), Мехмет Ярдимчи (Түркия), Мамажанова Тазагүл (Қырғызстан), Руслан Пивоваров (Беларусь), Абузар Абфшинг (Иран), Исмаил Бейтуганов (Кабарды-Балкар), Нельсон Ферраз (Португалия), Рафига Усманова (Башқұртстан), Хуан Нунес Паррено (Испания), Махаммед Гойыб (Тәжікстан), Нельсон Ферраз (Португалия) жеңіп алды.

"Проза" номинациясы бойынша Бас жүлдеге Проценко Аделина (Украина), Хумауин Кабир Дхали (Бангладеш), Магтибетов Ибрагим (Дағыстан), Жолтай Жұмат-Әлмашұлы (Қазақстан), Умедчони Амони (Тәжікстан), Сидда Массоума Шамси (Иран), Кудрявцев Петр (Чувашия), Мария Сецилия Хернандес Диаз (Куба), Людмила Лазарева (Қазақстан) ие болды. 

Бас жүлде иегерлері Сұлтан Бейбарыс медалімен марапатталды. 

I-II және IIІ орын алған түрлі елдердің қатысушылары қазақстандық дипломдармен марапатталды.

Ел президенті Қ.К. Тоқаевтың "шекараны білмейтін және халықтарды рухани байытатын мәдениеттердің өзара жарасымды бірігуі" туралы айтқан ойлары өзекті мәселеге айналды. Қазіргі уақытта жылдам өзгерістерге ұшырап жатқан әлемнің назарын, тек, осындай шығармашылық тәсілдер арқылы жақсы жақтарға аударуға болады. Жаңа форматтағы қазақстандық байқау түрлі елдерден келген жазушылар санының ең көп мөлшерде қатысуларына мүмкіндік берді. Осы екі байқаудың арқасында, Астана жер бетіндегі мәдениетаралық коммуникация кеңістігі бойынша көрнекті қалаларының біріне айналды. Ол, сондай-ақ, әлемдік әдеби шығармашылық қозғалысында брендке пен визиткаға айналады. Мұны, біз байқауға келіп түскен, қатысушылардың көптеген пікірлерінен көреміз.

Татьяна Синдеева, АҚШ ақыны: "Менің прозамның екінші орында тұрғанына, әлі де сене алмай тұрмын. Осындай мықты қалам шеберлерінің арасында екінші орын алу, әрине, мен үшін керемет бақыт! Менің дәл осы сәттегі қуанышымда шек жоқ! Осы бір күтпеген және мен үшін өте жағымды жаңалықтан соң, барлық сезімдерімді сипаттап айтуға шамам жететін емес!" 

Джеймс Тиан, Қытай ақыны: "Бұл, біз үшін үлкен мәртебе. Біз осы жолғы сіздер өткізген, осындай маңызды іс-шараның бір бөлшегі ретінде қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Болашақта да біз ынтымақтастықты жалғастыра аламыз деп үміттенемін".

Диоснелдо Салазар Мендес, Куба ақыны: "Біздің жұмысымызды бағалағаныңызға ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да, осы бір ұлы әдеби отбасының бір бөлігі болуды жалғастырамыз деп үміттенемін". 

Альма Летисия, Мексика ақыны, әрі қылқалам шебері: " Сіздерден басқа бірде-бір елде, ұлы Сұлтан Бейбарыстың құрметіне арналған, осындай үлкен байқау өткен жоқ. Осындай керемет оқиғаға байланысты тамаша іс-шара өткізуге мүмкіндік берген, бүкіл команданы құттықтаймын".

Виктор Клыков, Австрия ақыны, БҰҰ-ның Алжирдегі бұрынғы елшісі: "Мен үшін, осындай дүниежүзілік конкурстың шын мәніндегі өкілетті қазылар алқасына қатысу, үлкен мәртебе болды. Мен байқауға қатысушылардың поэтикалық және прозалық мәтіндерінің жоғары деңгейіне таң қалдым". 

Крис Чен, Жаңа Зеландия ақыны, аудармашы: "Мен 2-ші байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Мен үшіншісін асыға күтемін, онда да өз үлесімді қосқым келеді және Сіздердің байқауларыңыз туралы көбірек жарияланымдар жасағым келеді. 2024 жылы өтетін үшінші байқауға да сәттілік тілеймін. Бұл әлемдегі ең ықпалды оқиғалардың бірі болатынына сенімдімін".

Марсель Салимов, Башқұртстанның халық жазушысы: "Мен ұзақ шығармашылық өмірімде бірнеше рет халықаралық әдеби байқаулардың мүшесі, тіпті, қазылар алқасының төрағасы да болдым. Бұл байқауды Дүниежүзілік деп атауға болады. Әрбір талантты жазушы, барша елдердің халқы мен әдебиеттерін жақындастыратын, олардың достығын нығайтатын "Әдеби Азия" атты жаңа III дүниежүзілік қазақ конкурсына қатысуды абырой деп санайтынына сенімдімін".

Сария Маммадова, Әзірбайжан публицисті: "Барлық өткізілген байқаулардың ішіндегі ең ауқымдысы ретінде құттықтаймын. Осындай ерекше іс-шараны ұйымдастыру және өткізу деңгейі бойынша керемет табысты жұмыс болды. Ол қазірдің өзінде, осындай артықшылығымен тарихқа енді. Бұл байқаудың көптеген елдерде жақсы қабылданып, жаппай оң көзқарас тудырғанына қуаныштымын. Әлемнің белгілі жазушылары Сұлтан Бейбарысқа арналған Қазақ елінің халықаралық байқауын жоғары бағалайды". 

Ашраф Дали, Египет ақыны, қазылар алқасының мүшесі: "Халықаралық әдеби байқаудың сәтті аяқталуымен қоса, бір кездері Египет пен Сирияны басқарған Сұлтан Бейбарыстың тарихи тұлғасына азғантай да болса өзіндік жарық сәулесін шашып, одан әрман нұрландыра түсті. Байқауға көптеген елдердің бірнеше тілде сөйлейтін тұрғындарынан жеке-жеке құралған ұлттық ұйымдары қатысты. Азияда құрылған байқау бүкіл әлемде танымал болды". 

Самуэль Каверо, Перу ақыны: "Танымал жазушылар мен ақындар ұйымы ұйымдастырған беделді дүниежүзілік "Әдеби Азия-2023" байқауына Перу халықаралық қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысу, мен үшін үлкен мәртебе! Бұл өте қуанышты оқиға болды, Мен айтар едім: Түрлі елдер мен мәдениеттерін өзара қиюластырып, әртүрлі тілдердегі ірілі-ұсақты ұлттарды осындай күрделі және әртүрлі аймақтық ерекшеліктермен қоса біріктірудің тамаша мүмкіндігі. Біздер, осы жолы, сол Сұлтан Бейбарыс шыққан Қазақстанның тарихы, сондай-ақ оның географиясы мен әдет-ғұрыптары туралы көбірек біліп, таныса алдық. Құдай бізге болашақта да Қазақстанға келуге мүмкіндік берсін деп тілейік. Сіздердің байқауларыңыз, жаңа оқырмандарды табумен қатар, әлемнің жаһандық санасын, белгілі бір қашықтықтан тыс халықтар арасындағы бауырластық пен бауырмалдықтың ғарыштық санасын құруға мүмкіндік береді. Егер, Дүниежүзілік байқау осы үшін құрылған болса, онда құттықтаймыз! Бәріңіз сау сәләматта болыңыздар! Мен төрағасы болып табылатын, Дүниежүзілік жазушылар мен суретшілер қауымдастығы (AEADO) 2025 жылы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитін ұйымдастырған кезде, біз сіздермен кездесуді асыға күтеміз. Біз Қазақ елінің "Әдеби Азия" халықаралық байқауының басты жетекшісін күтеміз. Мен Сізге арнайы шақыру жіберемін".

Өткізілген байқау президент Қ К.Тоқаевтың: "Әлем көз алдымызда өзгеруде, оқырмандардың талаптары мен қоғамның құндылықтары өзгеруде. Сондықтан бүгінгі әдеби қоғамдастықтың алдында тұрған міндет – жаңа заманның рухына сай болу", айтылымына үн қосады. ХХДЫ ҚБ көптеген жылдар бойы, осындай жұмыс жасап келеді. Прогрессивті әлем барлық бағыттар бойынша, соның ішінде, мәдени-гуманитарлық бағыттар бойынша да жақындасу мүмкіндіктерін іздеуде. 

2021 жылы әлемде, Азия континентінде, түркі халықтарының ортасында, ислам әлемінде, солардың ішінде, Қазақстанда ең алғаш рет "дүниеге келген", жаңаша және басқа конкурстардан өзгеше форматтағы конкурс – "Рүстемов форматы" (идея мен жоба авторының атымен аталған) екі жылдан кейін, 2023 жылы күтпеген жерден әлем жазушыларының таңданысын тудырып, Дүниежүзілік мәртебеге ие болды. Егер құмықтар, ноғайлар және мемлекеттік білімі жоқ басқа ұлттардың жазушыларының қатысуын ескеретін болсақ, онда қатысушы халықтардың жалпы саны 60 санынан әлдеқайда көп болады. Бақыт Рүстемов Сұлтан Бейбарысты – Солтүстік Африка мен Таяу шығыстағы түркі барысы деп атайды. Ол сондай-ақ ежелгі ғасырларда қазақ даласы арқылы өткен, "Ұлы Жібек жолы" Еуразия құрлығындағы халықтардың материалдық және бейбіт әл-ауқатын қамтамасыз еткенін атап өтті. 21 ғасырдың үшінші онкүндігінің басталуымен Қазақстан Республикасының жаңа тәуелсіз мемлекетінің астанасынан "Әдеби Азия" байқауы аясында "Ұлы рухани жол" атты жаңа бастама басталды. Рүстемов атап өткендей, мұндай оң істерге оның ел Президентінің жоғарыда айтылған ойлары түрткі болды. Қазақстандық байқауға Египет, Испания, Қытай, Перу, Португалия, Непал, Иран, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Ұлыбритания және басқа елдердің әдеби бірлестіктері ақпараттық (серіктестік) қолдау көрсетті. "Әдеби Азия" қазақстандық байқауының көпмәдениетті кеңістігі ғаламшарды аралап жүр. Соңғы үш жылда ХДХЫ іс-шараларына 80-нен астам мемлекеттің жазушылары қатысты. 2021 жылы қалалық мәдениет басқармасының қолдауымен "Әдеби Азия-2021" байқауының жеңімпаздары Астананың орталығында «Бәйтерек» монументінде марапатталды. "Әдеби Азия-2023" Дүниежүзілік байқауының жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырушылар өздерінің салтанатты рәсімін нақты қолдайтындарды әлі тапқан жоқ.

ХДХЫ ҚБ, сонымен қатар, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған I Халықаралық суретшілер байқауын қорытындылады. Жеңімпаздар: Рейхан Айтуарова (Қазақстан) – Бас бәйге. Эдуардо Варгуез Данез (Мексика) – 1 орын. Алма Летисия Торрес Зунига (Мексика) және Алекс Галекс Луна Гарсия (Мексика) – 2 орын. Ренат Елубаев (Қазақстан) - 3-ші орын. Көріп отырғанымыздай, халықаралық әдеби әлемде танылған және көп жылдық тәжірибесі бар ХХДЫ ел тарихы мен мәдениетінің мәртебесін жоғары көтеруге және танымал етуге жұмыс істейтін жаңа жобалар әзірлеуде.

Қазақ конкурсының көп салалы мәдени кеңістігі, ХДХЫ және оның елін этникалық және әлемдік мәдениеттің кең әлемдік деңгейіне көтереді, жеке және кәсіби өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін кеңейте түседі. ХДХЫ-ның көп салалы мәдени қызметі – бұл, білім беру кеңістігі, интеграциялық идея, оның айналасында әлемнің шығармашылық адамдарын (ғалымдар, жазушылар, суретшілер және басқаларды) екінші ретте қайыра жақындастыру стратегиясы құрылады. Бұл, сайып келгенде, көпмәдениетті қарым-қатынас пен ұлтаралық қарым-қатынас тәжірибесіне және ең дұрысы, көп салалы мәдени қоғамдағы өмір санасын интернационалдандыруға алып келеді. ХДХЫ-ның жалпы қызметінен көретініміз, оның ағартушылық қызметінің әлемді тарихи және ұлттық-мәдени дәстүрлермен таныстыратынын, шығармашылық және эстетикалық білімділігі жағынан өзін-өзі көрсетуін, Қазақстанның жетістіктерін дәріптеу қабілеттерін дамытатынын көреміз. Біз қазақстандық әдебиетшілерге халықаралық әдеби әлемде одан да көбірек танылуды тілейміз. 60 елдің жазушыларының қатысуы - бұл халықаралық әдеби байқаулар мен фестивальдердің әлемдік тәжірибесінде жиі кездеспейтін, өте үлкен көрсеткіш. 

2021 жылы қазақ жазушылары өткізген I Халықаралық әдеби байқауға сілтеме жасаймын: https://bilimdinews.kz/?p=186562

Александр Радкевич, Беларусь БК және одақтас мемлекеттің мүшесі,

"Еуропа Орталығы" халықаралық әдеби фестивалінің қазылар алқасының төрағасы (Белорусия), Астананың дүниежүзілік "Әдеби Азия – 2023" әдеби байқауының қазылар алқасының мүшесі. 14.12.2023 жыл.

Бөлісу:

Көп оқылғандар