Академиялық жазу әдістемесіне Әскербекқызы шақырады

Бөлісу:

11.04.2024 1011

Ғылыми зерттеу дегеніміз – дерек жинау процесі, бұл процесс мәселені шешуге ықпал ететін білімге тікелей қатысты. 

Зерттеу терең білімге жол ашады, өзіміз нысанға алған мәселені анықтап, оның қаншалықты күрделі  екенін түсінуге көмектеседі.

Зерттеу жобасының бастапқы бөлігі, шағын түрі – ғылыми мақала. Ғылыми мақала кешенді зерттеудің, диссертациялық, монографиялық еңбектің бір бөлігі, тарауы яки тараушасының  мазмұнын қамтуы мүмкін. Дебес  ғылыми мақала маңызды тұжырымымен тұтастай бір мәселені қамтуы мүмкін. Ғылыми мақала әзірлеудегі басты мәселе – тақырыпты анықтап, нақты мәселені таңдап, жүйелі бағытты айқындау.

«Ғылыми мақала жазу әдістемесі» тақырыбындағы семинарда ғылыми мақаланың жазылуы, құрылымы, мазмұны туралы мәселелер талқыланады. 

Магистратура мен докторантурада білім алушыларды қатысуға шақырамыз!

Ғылыми семинар. «Академиялық жазу» КУРСЫ АЯСЫНДА

Тақырыбы: Ғылыми мақала жазу әдістемесі

Өтетін күні: 13.04.2024. Өтетін уақыты: Сағат 11.00-12.00 

Өтетін орны: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ОЗҒ, №321, АБАЙ атындағы дәрісхана;

Оффлайн, онлайн форматта.

Жүргізуші: оқытушы-зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанат Әскербекқызы АЙМҰХАМБЕТ;

Қосылу үшін сілтеме:

 Ғылыми семинар: Әдебиеттанудағы структуралистік әдіс | Общий | Microsoft Teams 

https://teams.microsoft.com/l/team/19%3Aqsn09ftTL7Wz2Pyetsz67lEUpgZls6y1J1OYad6fNo1%40thread.tacv2/conversations?groupId=27cd845e-3833-43c2-95ca-a436919b49a1& tenantId= 5a2fd781-9261-485a-af2b-6171d0efab73 

Бөлісу:

Көп оқылғандар