Франкофон әдебиеті бұрышының ашылуы өтеді

Бөлісу:

03.06.2024 331

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

2024 жылғы 4 маусым сағат 15:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстандағы Франция Елшілігі мен Бельгия Елшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Франкофон әдебиеті бұрышының ашылуы өтеді.

Шарада кітапхана қорына 200-ден астам кітап сыйға беріледі.  Ашылу салтанатына Франция Елшілігінің Мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан мырза мен Бельгияның Қазақстандағы Елшісі Анри Вантигем мырза қатысады.

Француз елшілігі кітапханаға түпнұсқада және аударма түрінде әртүрлі жанрдағы әдебиеттерді: поэзия мен пьесаларды, классикалық және заманауи романдарды, сондай-ақ француз мәдениеті туралы иллюстрациялық басылымдарды сыйға тартпақ.

Алдағы уақытта оқырмандары атақты Александр Дюма, Виктор Гюго, Вольтер, Антуан де Сент-Экзюпери, Симон де Бовуар сияқты авторлармен философтардың кітаптарын, сондай-ақ әдебиет бойынша француз Нобель сыйлығының лауреаттары Энни Эрно, Альберт Камю, Андре Гид шығармаларын кітапханадан тауып, оқи алады. Бельгия Елшілігі де кітапханаға француз тіліндегі бельгиялық әдебиеттің үлкен таңдауын сыйға тартпақ.  Олардың ішінде керемет иллюстрациялары бар жастар басылымдары – Мелани Руттеннің «Әрбір адамның көлеңкесі» және бірнеше әдеби марапаттарға ие болған Аделина Дьедонненің «Шынайы өмір» романдары бар. Бірнеше әдеби сыйлықтармен марапатталған Аделина Диедонне және Лу мырзаның «Велосипед жарысы Бельгия» комикстерін де оқырман кітапханадан таба алады.«Франкофониялық әдебиет» бөлімінің ашылуы бүкіл Қазақстан бойынша ұйымдастырылатын француз тілі мен франкофониялық мәдениетке арналған жыл сайынғы «Франкофония көктемі» фестивалінен соң іске асырылды. 

Франкофония дегеніміз не? Француз тілі әлемдегі ең көп қолданыстағы бес тілдің бірі. Әлем бойынша  321 миллион адам осы тілде қарым қатыныс орнатады. Француз тілі 29 мемлекеттің ресми тілі және дипломатиялық мекемелердің тілі болып табылады. Бұл әлемдегі ең көп зерттелетін ағылшын тілінен кейінгі екінші тіл. 

Халықаралық Франкофония Ұйымы (OIF) 1970 жылы құрылды. Оған 54 мемлекет тұрақты мүше. Ұйымның қызметі гуманизм, демократия және мәдени әртүрлілікті тарату принциптеріне негізделген саяси, экономикалық, білім беру және мәдени ынтымақтастықты дамыту. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы

                                               Байланыс ақпараттары: Астана қаласы,  Достық    көшесі, 11. 

 e-mail: uak_2022@mail.ru 

Аккредитация үшін:  87027639151

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар