Қырғыз  балалар әдебиетіне қол созған...

Бөлісу:

27.07.2024 874

Шыңғыс Айтматов қазақ әдебиетшісі Құлбек Ергөбекті қырғыз әдебиетшілерінен де жоғары бағалаған. Бір ұлының есімін Менің атымнан қойып, бірақ Мені тойына шақырмаған қазақ деп «өкпелегенін» де білемін. Шыңғыс аға айтпақшы, Құлбек Ергөбек – біздің қырғыз әдебиетіне де дос қолын созып, қолғабыс жасаған үлкен әдебиетші. Оның заманымыздың биік жазушысы, шоң Шыңғыс Айтматов творчествосы жөнінде жазған «Шыңғыс шыңы» аталатын эссе кітабы қырғыздар арасында үлкен құрметке ие. Қушубек Омуралиев қотармасында (аудармасында) Құлбек Ергөбек еңбектері еркін қабылданды.

Ол – әдебиет мәселелерін Орта Азия бойынша ортақ та өзара байланыста қарастырып жүрген шоң ғалым. Орта Азия халықтары ғылымында жазушы еңбегін творчестволық лаборатория тұрғысынан қарастыру – кенже қалып келе жатқан сала. Құлбек өзінің еңбектерін осы салада жазып, творчество психологиясына дендей еніп жүрген зерттеуші. Оның Сәбит Мұқанов творчестволық лабораториясын терең қарастырған «Жазушы шеберханасы» аталатын кітабын қызыға оқып, «Адаби кезит» бетінде сүйсіне пікір айттым. Біз осындай досымыздың барын мақтан тұтамыз.

Енді, міне «Адамның бір қызығы бала деген...» балалар әдебиеті жайында сын кітабы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып жатыр екен. Өте жақсы кітап. Бір қазақ балалар әдебиеті жайында ғана емес, бүкіл түрік халықтары балалар әдебиеті жайында жазылған еңбек секілді. Түрік халықтары балалар әдебиетін, оның ішінде қырғыз әдебиетінің Ш.Бейшенәлиев, Ш.Айтматов секілді шоң  өкілдерін қамтитын «Аламның бір қызығы бала деген...» кітабы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа әбден лайықты деп танимын. Балалар әдебиетін терең танып, жақсы талдаған  еңбек.

 

                                                                          Абдылдажан АКМАТАЛИЕВ

Қырғыз ғалымы, академик, 

Қырғызстан Республикасы 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

(Бішкек)

Бөлісу:

Көп оқылғандар