5 мамыр күні дүниеге келген қаламгерлер

Бөлісу:

05.05.2016 5484



Мамыр айының 5 жұлдызы есімі қазақ елінің тарихында өрнектелген, жас ұрпаққа өз мұрасын табыстап кеткен зиялы тұлғалардың дүние есігін ашқан күні. Олар академик Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы, ақын Ұябаев Құрманғали, жазушы Досымов Сейітқазы мен Әбдірайымұлы Серік.



1381904532.1589.jpg

Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев қазақ тіл білімінің барлық саласында өшпес ізі қалған, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын қаласуға үлесін қосқан санаулы саңлақтардың бірі. Оның қазақ тілі дамуының өзекті мәселелерін шешуде байқалатын ғылыми-теориялық өресі күні бүгінде де жолбасшылық бағытынан төмендемей келе жатқанын көреміз. Өрбітілген ой-пікірінің өміршеңдігі мен құндылығын тіл білімпаздары әлі күнге дейін сезінуде.









494802_1531771860_1079_Uyabaev_Kurmangaly.jpg

Ақын Құрманғали жайлы сөз қозғасақ ұзаққа баратынымыз сөзсіз. Сәбит Мұ­қа­нов Жазушылар одағының кезекті съе­зін­де: “…алда көп үміт күттіретін та­лантты қазақ ақындарының бірі” деп Құрманғали Ұябаевты атап, азамат ақын ретінде баға бергені бар. Жазушы Өтебай Қанахин, ақын Сырбай Мәуленов және басқалары Қ.Ұябаевтың шығарма­шы­лығына құрметпен қарады. Өйткені, Құ­рекең лири­калық өлеңдердің шебері болған. Ол эпик ақын ретінде “Са­ғат”, “Тағдыр туралы сөз”, “Жер мен адам” атты поэмалар жазып, 14 кі­тап­тың авторы атанған жан еді. Ше­бер аудармашы ретінде Пушкин, Ми­цкевич, Анто­кольский, Твардов­с­кий өлеңдерін қазақ тілінде сөйлеткен.








227366_1976951668_318_Dosimov_Seytkazy.jpgӨмiрдiң шындығын қаз-қалпында оқырманға жеткiзе бiлсе, жазушының бекер тер төкпегенi. Егер қалтарысы мен бұлтарысы мың сан қабат өмiрдiң шындығы тым астарланып, боялса оқырман жазушыға сенiм арта алмайды. Өмiрден ерте өткен Сейiтқазы Досымов оқырманының жүрегiне апарар жолды дөп басып таба алған дарынды публицист-журналист едi. Замандасы Мағира Қожахметова (жазушы), былай деп еді:

– «Мен Сейітқазымен бірге оқыдым. Біздің курстан бүгінде есімдерін ел білетін небір майталмандар өсіп шыққан. Олардың алдыңғы қатарында қазақтың талантты ақындары Жарасқан Әбдірашев пен Қаржаубай Омаровтан бастап Ырым Кененбай, Құрманғазы Мұстафин, Сүлеймен Тоқсанбаев, Тынышбек Дайрабаев сынды белгілі қаламгерлер бар. Біздің арамыздан Сейітқазы ерте танылғандардың бірі болды. Көпшілігіміз Алматыдағы мықты газет-журналдардың босағасынан аттай алмай, есігін аша алмай жүрген кезімізде оның очерктері мен түрлі тақырыптағы мақалалары баспасөз беттерінен жиі көрініс тауып тұратын. Өз мамандығына ерте бейімделген ол университетте оқып жүрген кезден-ақ «Лениншіл жасқа» жұмысқа қа­был­данған. Сейітқазының кез келген шы­ғар­масынан қазақтың қаймағы бұ­зыл­ма­ған таза тілінің шұрайын сезуге бо­ла­ды. Әр туындысы жеңіл оқылып, қа­рапайым көрінгенімен оның аста­рын­да терең ой мен мәнді мазмұн жа­тады. Алдағы уақытта марқұмның шы­ғар­маларын негізге ала отырып, дра­малық қойылымдар мен кинофильмдерді тү­сіру жағын да ойласу қажет сияқты. Бұған жазушы шығармашылығының по­тенциалы жетеді деп сенемін».



876187_962291135_118_Abdiraimyli_Serik.jpgДүрбелең дәуірлер туып, қоғам жүзі құбылған сәттерде адами құн­дылық атаулы қайта қаралып, әр­қи­лы тез-таразы мен сүзгі-сараптан өтіп жатады. Әсіре белсенді әлеу­меттің тарапынан барды мансұқтау, баяндыны мойындамау секілді кереғарлық кеулейтін кездер де кезі­геді. Уақытында Абайды, Ыбы­райды, Шоқанды, Алаш арда­гер­лерін “пролеткульт” парықсыз­дары тарих кемесінен түсіріп тастағысы келген жоқ па еді; бұл жаға жыр­тысқан текетіресте бәрібір парасат­ты жұрттың туы жығылған жоқ. Ездің күйесінен ердің киесі басым шықты. Осындай өзекті, өткелек мезеттерде ақиқаттан айнымау, анығын айту – имантаразы іс. Міне, заманалар арасына өзінің нә­тін де, ниетін де көпір ғып төсеген қа­ламгерлердің бірі – Серік Әбдір­айымұлы.

Талантты ақын Ибрагим Исаев оған көзі тірісінде арнаған өлеңдер циклінің әлдебір жерінде:

Кездер келгенде Дала мен Тауды жалғайтын,

Азамат керек жала мен жаудан қорғайтын.

Жол салу керек қарсы алу үшін күндерді

Болашақтардың бетінде таңба қалмайтын, – деп жазыпты.

Расында да, “болашақтардың бетінде таңба қалмайтын жол салу­ды” ұйғарған Серік Әбдірайымұлы дәл, дер шағында қазақтың хәкім қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ар-абыройына, сол арқылы қазақтың тапталған намы­сы мен нарқына сөзімен қорған, қалқан бола білді. Қарақан басы­ның қамын күйттеген жоқ. 1986 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің екі нөмірінде Оралхан Бөкейдің нар­тәуекелге бел бууының арқа­сында “Ақиқат айтылмай қалмай­ды” деген бас тақырыппен жария­­ланған сыр-сұхбатты жүрек сыр­қатынан аурухана төсегінде таңы­лып жатып қағазға түсіргенін екінің бірі біле бермейді. 

Осындай дарынды ұлдарын тудырған Алаш неткен бақытты. Халқының шынайы перзенті ешқашан ұмытылмайды. Қолындағы қаламын семсер етіп, ұлтына ерен еңбек сіңірген тұлғалардың есімі мәңгілік болмақ.


adebiportal.kz

 

Бөлісу:

Көп оқылғандар