Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Ғайша
Рейтинг:
      М.Әуезовтың "Кінәмшіл бойжеткен" әңгімесінің кейіпкері

«Ғайша» - Тегінде гүбернедегі оқығандар «шешесі татар болса керек, толық қазақ емес» дейді. Бірақ Ғайша қазақтың өз қаны екенін білдірмек болып, қазақ әйеліндегі табиғатты жаңа көрген танысының бәріне дағдылы бір машығы сияқты айта береді. Мақтанады. Әркімге әр түрлі сөйлейтін Ғайшаның бұл шынында бір әдісі болады. Ең алдымен қазақ әйелінің көбінде кездеспейтін биік, сұлу денесі бар, толық етті, ақ жүзді, ашық мойны бұғақты, жұмыр сұлу әйел еді. Бет тұлғасы да аз кесектеу келсе де, сүйкімді, кезі қой көздеу, бұйраланған қара шашты сұлу әйел. Сәнділіктің орынды шартын білген әйел майдың ақ жібек киімін кигенде қара шашы мен ақ денесіне қай қазақ жігітінің болса да көзі еріксіз тоқтайтын. Есті әйел Ғайшаны бәрі "оқыған қазақ қызы" деп қадірлеп, көркі мен сыртқы қалпын тамашалайды. Бірақ Ғайша әлеумет қызметкерінің орнынан да, ақ жағалы, иісмайлы бозбаланың құшағына көп қолайлы болады.

Көп оқылғандар