Терме
Терме - қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі. Ғибраттылық мәні бар моральдық идеялар тұрғысынан әр нәрсені теріп айтып, бір нәрседен екінші нәрсеге еркін ауысып отыру термеге тән қасиет. Ол нақыл сөз үлгісінде құрылып, әдетте өнегелі. нұсқалы сөздердің тізбегіндей болып келеді. Ырғақтық құрылысы жағынан жеті-сегіз буынды жыр үлгісінде айтылады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында жедел қарқынмен дами басталы. Терме пішіні мен мазмұны толғауға біршама жақын. Толғауда қоғамды-әлеуметтік сарындар басым болса. Термеде көбіне күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жәйттер сөз болады.Терме сөз бен әуен сабақтасып келгендіктен. Ол синкретті өнерге жатады. Сөздің мағынасы, әсерлілігі, ырғағы ширақ келуі қандай маңызды болса, әуеннің, аспаптық (домбыра) сүйемелдің де үлкен мәні бар. Терме сөзді айқын, анық жеткізуге лайық қысқа қайырылатын, жеңіл желдірмелі әуенмен (регитатив) айтылады. Терме, термелеп айту дегеннің өзі жырды - өлеңді жеңіл әуенмен айту, орындау тәсілін де көрсетеді. Осы кеңірек мағынасында термелеп айтқан жыр, өлең (дастан да) термешілік өнер қатарында қаралады. Терме - қазақпен қатар, қарақалпақ, қырғыз, өзбек халық шығармашылығында да тарихи орны бар жанрлық қазақстанның батыс аймағы мен Сыр бойында терме дәстүрі әсіресе мол дамыған. Халықтық дәстүрлер негізінде қазіргі кезде терме айтыс өнері қайтадан жаңғырып, жандана түсті. Термешілік өнердің кең құлаш жаюына теледидар, радио, ақындар айтысының өткізілуі зор мүмкіндік туғызып отыр.
ҚАТЫСТЫ ЖАНРЛАР