Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Джек Лондон

Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Джек Лондон (1876-1916) - Американ жазушысы маңдайына тағдыр небәрі қырық жыл ғана ғүмыр жазған. Сол қысқа ғұмырының он алты жылын таза шығармашылық жұмысқа арнаған ол артына жиырма төрт том еңбек қалдырған. Яки бір жылда – екі том! Жоспарлы, мақсатты түрде. Бұны мынадан-ақ көруге болады: лондонтанушылардың зерттеулеріне қарағанда, жазушының күндік жазу нормасы – 1000 сөз болған көрінеді. Бұдан асырып жіберсе – қуаныш, жеткізе алмай қалса – өкініш. Сол үшін де ол тәулігіне он алты-он жеті caғат бойы тапжылмай отырып жұмыс істеген. Және жылдар бойы! Адам айтқысыз азап! Ал осыншама азап пен жанкештілікке оның өз еркімен мойын ұсынғаны несі? Жазбаса тұра алмайтын әдебиетке деген ұлы құштарлық па? Әлде, шынымен-ақ, Лев Толстой секілді туған әдебиетінің абырой-мерейі үшін жанын от пен суға салудан аянып қалғысы келмеді ме? Бір қызығы, Джек Лондонның өзі әрбір шығармасында өмірді қандай шынайы бейнелей алған болса, әлгіндей азап пен бейнетке толы еңбегі жөнінде де ешқандай көлденең көбік сөз қоспаған.
Шығармалары: “Қасқырдың баласы” (1900), “Оның әкесінің құдайы” (1901), “Аяздың балалары” (1902), “Қар қызы” (1903) романы, “Ақ азу” (1906, қазақ тілінде 1938 — 48) повесі, “Жолда жүрген жолаушылар үшін” (1899, қазақ тілінде 1961), “Солтүстік жорығы” (1900, қазақ тілінде 1960), “Тыртық адам” (1900, қазақ тілінде 1960), “Өмірге құштарлық” (1900, қазақ тілінде 1951), “Мың дюжина” (1903, қазақ тілінде 1927 — 51), “Темір өкше” (1912), “Айлы алқап” (1913), “Үлкен үйдің қожасы” (1916), “Телегей теңіз, аттаныс” шығармасын 1926 ж. “Жаңа мектеп” журналына (4,5 сандары) алғашқылардың бірі болып аударып, жариялаған — Ж.Аймауытов.
Жазушы шығармаларындағы биік белесі — “Мартин Иден” (1909, қазақ тілінде 1968) роман-биографиясында автордың өзіндік тұлғасы, қоғам мен қоршаған ортаны тануы, шығармашылық өнер жөніндегі ойлары көрініс тапқан. Кейіннен Лондон шығармаларын М. Әуезов, М. Дәулетбаев, Б. Омаров, т.б. қаламгерлер аударған. Әуезовтің “Көксерек” повесінен канадалық жазушы Эрнест Сетон — Томпсонның “Винипег қасқыры” мен Лондонның “Ақ азу” атты шығармаларының әсері байқалады. Мұның өзі қазақ көркемсөз өнерінің әлем әдебиетімен сабақтаса дамығанын көрсетеді. Лондон шығармалары бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында көп аударылып, кең тараған.

Көп оқылғандар
Роман неге жазылмай жатыр?
18.05.2022
821
Елдос Еміл. Көкмойнақтың тағдыры қазақтан арылған жоқ
20.05.2022
641
«Бір тостаған сұңқыл...»
16.05.2022
542
Ханзада Байбақты. Алматы
17.05.2022
470
2021 жылдың әдеби жыл қорытындысы
20.05.2022
341
Эрих Мария Ремарк. Махаббат декадансы
20.05.2022
246
Бақытжан Қанапияновтың сара жолы
20.05.2022
206
Оразақынның «Қара өлеңі»
20.05.2022
192
Мөлдір бұлақ немесе Роза Сейілхан болмысы туралы бір үзік ой
27.04.2022
1544
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2022
1500
Мұхаммед Салихтың жыр жинағы жарық көрді
25.04.2022
1280
Қос-қос басқан, қос басқан
28.04.2022
1213
Жыланның тілін білген...
06.05.2022
1156
Қазақтың сыбызғышылық өнері туралы
25.04.2022
1043
Файзулла Төлтай. Даналықты даулай бермей, диуана боп көр өзің
29.04.2022
1032
Республикалық «Таласбек» сыйлығы жарияланды
05.05.2022
1017
Жылқы аттас фамилия
26.04.2022
982
Салауат Кәрім. Кемеңгердің соңғы сапары
25.04.2022
929
Салауат Кәрім. Кемеңгердің соңғы сапары (2-бөлім)
05.05.2022
860
Қағаз кітаптың тағдыры
25.04.2022
855
Машан батырдың ел басқаруы
06.05.2022
844