Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Панфиловшылар туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

12.11.2013 2299

Панфиловшылар туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

Панфиловшылар туралы кітаптың тұсаукесері өтеді - adebiportal.kz

a00edff58ee29675a8d9211a47b129ef.jpg

АСТАНА. BAQ.KZ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де профессорлар В.Григорьев пен Л.Ахметованың «Панфиловшылар: аңызға айналған 60 күндік ерлік» атты кітаптарының тұсаукесері өтеді - деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, кітап авторлары Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңдерінен алынған естеліктерді құрай отырып, тарихи шындықтың бетін ашуға тырысқан.

«Оқу-тәжірибелік баспада И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық 316-шы атқыштар дивизия жауынгерлерінің өмірінен ерлік оқиғалары мен 1941 жылдың 14 қазаны мен 14 желтоқсан аралығындағы Отан қорғау жолындағы шайқастарынан мағлұмат береді. Аталмыш дивизия Алматы қаласында 1941 жылдың 12 шілдесінде құрылған еді. Күн санап дивизияның асқан ерліктері мен жан алысып, жан беріскен шайқастарынан картиналар көрсетілді», - делінген хабарламада.

Кітап «Зиялы еңбек әйелдерінің кеңесі» ҚҚ тарапынан Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жарыққа шықты.

Қайнар көз: www.baq.kz порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар