Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«ТӘЖ» қаламгерлер клубының тұсаукесері өтеді

11.09.2014 1843

«ТӘЖ» қаламгерлер клубының тұсаукесері өтеді

                                                             23dZ8H6f.jpg                                                                
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы елордалық қаламгерлердің басқосулары, ақындардың шығармашылық кештерінің өтуі, кітаптарының тұсаукесерлері жасалуына әрқашан қағылездік танытып келеді. Бұл үрдіс – өз кезегінде Астанада әдеби интеллигенцияның қалыптасуына, жастардың насихатталуы мен бір-бірін тануына өз септігін тигізді. 
Енді осы дәстүрдің жалғастығы ретінде ұлттық академиялық кітапхана жанынан «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) қаламгерлер клубы құрылды! Астаналық жастардың көз қуанышына айналып, әдебиетке құштарлығын арттыратын рухани ошақтың жетекшісі, ақын Ерлан Жүніс.
Мәдениет пен өнердің жанашыры, кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаеваның мұрындық болуымен жұмысын бастаған клубтың мақсаты – қаламгерлер мен оқырмандар арасында алтын көпір болу, жас қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, әдеби-мәдени интеллигенцияның бас қосар орталығына айналу. Сиясы кеппеген жаңа кітаптарды талқылау, өзге де аймақтармен байланыс жасау мақсатында әдеби бейне-көпірлер, өзге де аймақ қалам­герлерімен кездесу кештерін өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, «ТӘЖ» клубы дәстүрлі түрде:

Жас қаламгерлердің басқосуларын;
Шығармашылық кештерін;
Кітаптарының тұсаукесерлерін;
«Авторлық бағдарламаларын»;
«Қолтаңба күнін»;
«Кітап көрмесін»;
«Мастер-класстарды»;
"Маусым ақынын анықтауды";
"Маусым жазушысын анықтауды"; 
"Маусым сыншысын анықтауды"; 
«Жаңа кітапты талқылауларын» 
өткізіп тұратын болады.
«ТӘЖ» клубының тұсаукесер рәсімі 12 қыркүйек күні, сағат 17.00-де болады. Бұл күні «ТӘЖ» клубының тұжырымдамасы мен стратегиясы, кодексі, клуб мүшелерін тіркеу және жыл соңына дейінгі жұмыс жоспары (жас қаламгерлердің өз шешімімен) қабылданады. Баршаңызды әдебиет әлемінің тағы бір мерекесінің қадірлі қонағы болуға шақырамыз.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар