Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚХА кезекті сессиясы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына а...

13.04.2016 2678

ҚХА кезекті сессиясы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналмақ

ҚХА кезекті сессиясы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналмақ - adebiportal.kz



Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІҮ сессиясы өтеді. Алқалы отырыс «Тәуелсіздік. Келісім. Біртұтас ұлт болашағы» тақырыбын арқау етпек.



Биыл – Тәуелсіздікті ту еткенімізге 25 жыл. Мерейлі дата аясында Ассамблея мүшелері де патриоттық шаралар тізімін дайындаған.



Қазір елімізде 100 мыңнан астам кәріс, 30 мыңнан астам қырғыз халқы тұрады. Бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілін бауырына басқан Қазақстан Республикасы бүгінде әлем елдеріне үлгі. Мұны этнос өкілдері, әрі Ассамблея мүшелері де айтып отыр.



«Көптеген шетелдік сарапшылар Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығын сөз еткенде міндетті түрде мемлекеттің көпұлтты екенін айтады. Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұтас елдің ұстанатын саясаты өзге елдерге үлгі. Қазақстан үшін «бірлік» ұғымы маңызды. Бұл тұрғыда 20 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының да рөлі ерекше», - дейді Қырғыз этно-мәдени бірлестігінің төрағасы
Исмаилов Шавкад.

Ал ҚХА төрағасының орынбасары Любовь Нидің айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша, алға қойылған міндеттер толық орындалған. «Былтыр Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толса, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын атап өтеміз. 24-інші сессияны да осы датаға арнамақпыз», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясын шақыру туралы" өкім 25 наурызда шығарылған болатын.

Онда:

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясы 2016 жылғы 26 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен шақырылсын.


2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма төртінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын, - деп бекітілген. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар