Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Бүгін 17 шілде. Әдеби күнтізбе...

17.07.2017 4252

Бүгін 17 шілде. Әдеби күнтізбе

Бүгін 17 шілде. Әдеби күнтізбе - adebiportal.kz

Дүниеге келгендер

Ақындар:

1675 - Джироламо Баруффальди, Италия ақыны

1808 - Елизавета Кульман, Ресей ақыны, аудармашы, жазушы

1889 - Эрл Стэнли Гарднер, американдық жазушы

1894 - Азат Вштуни, Армения ақыны.

1925 - Ласло Надь, Венгрия ақыны

Жазушылар:

1931 - Кэролайн Грэм – Ұлыбритания жазушысы.

1860 - Ференц Кемени - Венгрия жазушысы,

1849 - Ольга Петровна Косач - Украина жазушысы

1891 - Борис Андреевич Лавренёв - Ресей жазушысы, драматург

1674 - Исаак Уоттс - Жазушы, ақын, Англияның XVIII ғасыр ойшылы

1929 - Усман Аванг - Малайзия жазушысы

1860 - Клара Фибих - XIX ғасырдағы Германия жазушысы, журналист.

1936 - Вольдемар Иванович Бааль - Латвия жазушысы.

1902 - Берта Яковлевна Брайнина - әдебиеттанушы, жазушы-соцреалист.

1842 - Вильям Джон Куртоп – Ұлыбритания жазушысы.

1914 - Джеймс Парди – АҚШ жазушысы.

1746 - Пьер Ру-Фазильяк - Франция жазушысы.

1902 - Кристина Стед - Австралия жазушысы.

1913 - Митчелл Уилсон – АҚШ жазушысы, физик.

1888 - Милан Фюшт – XX ғасыр Венгрия жазушысы, драматург.

1888 - Шмуэль Агнон (Samuel Josef Agnon), Израиль жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты.

Кішігірім анықтама:

Шын есімі Шмуэль Йосеф Халеви Чачкес. Ол 1888 жылы 17 шілде күні бүгінгі Украина қарамағына қарайтын Галициядағы Бучач шағын қалашығында дүниеге келді. Оның алғашқы әдеби туындысы жергілікті газетте жарық көрді. Ол иврит және идиш тілдерінде жазды.

1909 жылы Агнон «Жесір әйелдер» («Агунот») атты шағын повесін жариялайды. Бұл шығарма оның әдебиеттегі лақап атын қалыптастырған еді. Себебі, «Агнон» иврит тілінен аударғанда «тастанды» дегенді білдіреді. 1924 жылы болса «Агнон» деген есім жазушының тегіне айналып кете барады.

Агнонның шығармасымен танысқан ағылшын сыншысы Эдмунд Уилсон 1950 жылдың соңында жазушыны Нобель сыйлығына лайықтылар тізімінде көрсетеді. Бірақ жазушы 1966 жылы ғана немістің ақын әйелі Нелли Закспен бірге «Той матасы» және «Түнгі қонақ» романдары үшін әдебиет саласы бойынша аталмыш беделді сыйлықты иемденеді. Нобель сыйлығы оған еврейлік рухтағы терең шынайы өнері үшін берілген болатын.

1953-1962 жылдары Агнонның барлық шығармалары жинақталған 8 томдығы жарық көрді.

Агнон өмірінің соңғы жылдарында Израилдегі халықтың сүйікті жазушысы болады. 1962 жылы Агнон Иерусалимнің Құрметті азаматы атағын алады. Оның халықтың риясыз құрметіне бөленгені сондай, өзінің тұрып жатқан қаласында құрылыс жұмыстары басталғанда қала әкімі Тедди Коллек Агнонның үйінің маңына «Тыныштық сақтаңыздар! Агнон жұмыс істеп жатыр» деген ескерту тақтайшасын орнатуға бұйрық берген болатын.

Израильдегі ең алғаш нобельді иемнденген жазушы 1970 жылы 17 ақпанда Иерусалим қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды.

Бұл күні дүниеден озғандар:

1878 — Алеардо Алеарди, (1812) Италия ақыны.

1961 — Ольга Дмитриевна Форш (1873 жылы туған), жазушы («Тас киімділер», «Михайлов қорғаны», «Ыстық дүкен», «Күмбез астында»).

1975 — Константин Симонович Гамсахурдия (1891 жылы туған), грузияның классик жазушысы («Айды ұрлау», «Құрыслышы Давид»), академик, Грузияның бұрынғы президентінің әкесі.

1981 — Сергей Сергеевич Наровчатов (1919 жылы туған), ақын («От», «Талтүс», «Василий Буслаев»).

1989 — Николас Гильен Батиста (Nicolás Guillén Batista) (1902 жылы туған), куба ақыны, («Солдат әні», «Испания», «Бәрі де менікі»).

1990 — Валентин Саввич Пикуль, орыстың танымал тарихи романдарының авторы.

110 жыл бұрын, яғни 1907 жылы 17 шілде күні француз жазушысы Гектор Мало (Hector Malot) дүние салды.

Ол 1830 жылдың 20 мамырында Ла-Буй мекенінде (Франция) заңгерлер отбасында дүниеге келген. Өзі де заңгер мамандығын тәмамдайды. Әдебиеттегі жолын естеліктер мен очерктерден бастаған жазушының танымалдығы «Көңілдестер», «Жұбайлар», «Балалар» тарауларынан тұратын «Махаббат құрбандары» (Жертвы любви) трилогиясынан басталған болатын. Сосын ол танымал «Le Siècle» (Ғасыр) «Le Temps» (Уақыт) журналдарында фельетондарымен танылды.

Ол өмірінің соңына дейін 60 шақты роман жазды. Соның ішінде жазушы балаларға арнап үш роман жазды. Мало өз шығармаларындағы кейіпкерлері арқылы адам бойындағы басты кемшіліктерді сынап, либералды жоспарлардың іске асуын қалады. Гектор Мало сөзінде ғана емес, ісінде де турашыл, адал, шыншыл болған. Журналистердің оны «Адал Мало» деп атауы соның дәлелі болса керек.

Айтулы оқиға:

1940 жылғы 17 шілде күнгі Семей облыстық «Екпінді» газетінің санында «Абай жайын зерттеушілерге» деген тақырыпта Мұхтар Әуезовтің мақаласы жарияланды.

1841 жылдың дәл осы күнінде Ағылшындық сатиралық «Панч» журналының алғашқы саны жарық көрді.

Дайындаған: Наурызбек САРШАЕВ


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар