Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Ауылым – алтын тұғырым» байқауының жеңімпаздары марапатталды

12.04.2019 831

«Ауылым – алтын тұғырым» байқауының жеңімпаздары марапатталды

12 сәуірде Қазақ Ұлттық Өнер университетінің Ф. Шопен атындағы концерт залында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Әдебиет порталы» интернет-жобасының бастамасымен ұйымдастырылған қаламгерлер арасындағы дәстүрлі «Ауылым-алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсының жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Шара барысында «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев әдеби байқаудың маңыздылығын, ауылдағы өзекті мәселелердің шығарма тілінде халыққа тарауын, ауылдың айшықты тұстарын айтып, қаламгерлерге ризашылығын білдірді.

2016 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан әдеби байқауға осы уақыт аралығында еліміздің жүздеген қаламгерлері қатысып, таңдаулы шығармалардың авторлары әр жанр бойынша түрлі жүлделерге ие болды.

Биылғы жылы әдеби конкурсқа 288 қаламгер қатысуға өтініш білдіріп, поэзия, проза, драматургия номинациялары бойынша шығармаларын ұсынды. Оның ішінде проза жанрында 113, драматургия 25, поэзия жанры бойынша 150 туынды келіп түскен. Белгілі ақын-жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар, драматургтерден құралған қазылар алқасы жыл бойы «Әдебиет порталында» онлайн түрде жарияланған шығармалардың ішінен үздік туындыларды анықтады.

«Поэзия» номинациясы бойынша:

1-орын: Қуаныш Оспан (500 000 теңге)

2-орын: Қызырбек Дүргінбайұлы (300 000 теңге)

3-орын: Бағдат Мүбарак (200 000 теңге)

Арнайы жүлде: Қалау Сәлеметбайұлы – Бауыржан Үсенов атындағы сыйлық, Ерназ Дутихан – Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық, Мұқият Қойшыбайұлы – Нұрлан Мәукенұлы атындағы сыйлық, Аманжол Зағыпар – Төлеген Айбергенов атындағы сыйлық.

«Проза» номинациясы бойынша:

1-орын: Құрманжан Қасымжанұлы (500 000 теңге)

2-орын: Гүлнұр Қасымзада (300 000 теңге)

13-орын: Марғұлан Ақан (200 000 теңге)

Арнайы жүлде: Бақытбек Қадырұлы – Ақселеу Сейдімбеков атындағы сыйлық, Есболат Айдабосын – Шерхан Мұртаза атындағы сыйлық, Айбол Арғынғазинов – Иван Глухов атындағы сыйлық.

«Драматургия» номинациясы бойынша:

1-орын: Ерболат Баятұлы (500 000 теңге)

2-орын: Исрайыл Сапарбай (300 000 теңге)

3-орын: Әлібек Байбол (200 000 теңге)

Арнайы жүлде: Айгөлек Өмірбек – Шахмет Құсайынов атындағы сыйлық, Әскерхан Ақтай – Сафуан Шаймерденов атындағы сыйлық, Томирис Баймұратова – Қалихан Ысқақ атындағы сыйлық.

Конкурстың негізгі шарты бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасынан ең үздік шығарма авторы «Алтын Тұғыр» сыйлығы Ерболат Баятұлына берілді.

Жиын барысында Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенттері ауыл туралы әуезді әндерін шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Әдебиет порталы» интернет-жобасының ұйытқы болуымен өтетін дәстүрлі әдеби байқау биыл да жалғасын таппақ.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: ауылым байқауы
(0)

Пікірлер

Назигуль

12.04.2019 19:47
Керемет ! Ұрпақ үшін рухани туындылар туа берсін. Неге,осы жүлделі туындылар мектеп бағдарламасына кірмейді? Балалар тақырыбында осындай сайыстар ұйымдастырылса ғой?!

Жұмалиева Алмагүл

08.05.2019 14:07
Қуаныш бауырымыз бен ұстазым Ерболат Баятұлын осынау жүлделерімен құттықтаймын. Сіздер жүлделерге лайықтысыздар! Шабыттарыңыз тасып, қазақ әдебиетінің алтын қорын салмақты да салиқалы туындылармен толықтыра беріңіздер!
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар