Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Әдебиет порталы» веб-порталының тұсаукесер рәсімі өтеді

25.12.2013 782

«Әдебиет порталы» веб-порталының тұсаукесер рәсімі өтеді

Бүгін, яғни 2013 жылдың 25 желтоқсанында сағат 12:00-де Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында «Әдебиет порталы» Интернет-ресурсының тұсаукесер рәсімі өтеді.

 

«Әдебиет порталы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғам тарапынан әзірленді.

Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бұл бірегей жаңа жоба – қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі интернетті белсенді пайдаланатын көзіқарақты оқырман қауымның басын біріктіретін онлайн әдеби платформа.

Веб-порталдың негізгі мақсаты – жас ақын-жазушыларға ақпараттық қолдау көрсетіп, қазақ әдебиетін интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттау. Порталда қазақ және әлем әдебиетінің үлкен электронды қоры жинақталған. Әдебиетшілер мұндағы кітаптарға онлайын түрде пікір, рецензия қалдыра алады. Портал энциклопедиялық қызмет атқарады. Бұл жерде әр авторға жеке бет арналған және олардың шығармашылығына қатысты барлық деректер топтастырылған. Әр автор өз шығармашылығын ұдайы дамыту мақсатында әдеби блог жүргізу мүмкіндігі де қарастырылған. Порталда жас авторлар үшін арнайы «Жас авторлар мінбері» айдары және «Ашық мінбер» блогы да ескерілген. «Әдебиет порталы» – әдебиет сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналмақ. Оқырмандарға төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта Порталда 1411-ден аса кітап, 1184 автордың жеке парақшасы және «Жас авторлар мінбері» айдарында республикаға таныла бастаған 27 автор орналасқан.

Порталдағы кітаптар онлайын түрде Pdf және ePub арнайы оқу жүйесі форматында жарияланады.

«Әдебиет порталы» – тек онлайн кітапхана ретінде ғана емес, кәсіби ақын-жазушылар мен жас авторлар үшін де бірегей коммуникациялық әдеби алаң болып табылады. Порталда «Аударма», «Мазмұн», «Хат», «Иллюстрация» және «Поэзия әлемі» жобалары шеңберінде белсенді түрде әлемдік шығармаларды қазақ тіліне аудару және қазақ әдебиетін басқа тілдерге аудару, әдебиет тұлғаларының құнды хаттарымен танысу, әдеби шығарманың қысқаша мазмұнын жазу, сонымен қатар, сүйікті өлеңді мәнерлеп оқу мен әдебиетте иллюстрацияны – жаңаша бір қырынан қарауға қол жеткізеді.

«Әдебеиет порталында» балалар мен жасөспірімдер де ерекше назарда. Оларға арналған аудиокітаптар мен танымдық энциклопедиялар, ертегілер мен аңыздар топтастырылған «Балалар әдебиеті» тарауын дайындады. 

Бұдан басқа да Порталда тағылымды дәйексөздерді табуға, әдеби журнал оқуға, сүйікті кейіпкер жайында тереңірек білуге және мәдениет қайраткерлері мен ақын-жазушылардан алынған сұхбаттарды оқып, аудиокітаптарды тыңдауға болады.

«Әдебиет порталы» – әдебиет сүйер қауым үшін еліміздегі мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау ісінде зор үлес қосатын ерекше жоба болатынына сенеміз.

 

 

Өтетін күні, уақыты: 25 желтоқсан  2013 жыл. Сағат 12:00

Өтетін орны: Астана қ-сы, Д. Қонаев к-сі, 4.

                      «Қазмедиа орталығы» ғимараты, 5 қабат.    

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар