Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аймақтық БАҚ форумы өтуде...

18.11.2016 2403

Аймақтық БАҚ форумы өтуде

Аймақтық БАҚ форумы өтуде - adebiportal.kz

БАҚ-1.jpg
Өңірлік БАҚ-тар даму келешегі талқыланды Қарашаның 18-і күні Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында аймақтық БАҚ-тар форумы өтіп жатыр. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылған бұл жобаға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, репсубликалық және өңірлік БАҚ басшылары, журналистері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Л.Ф.Гильдеева, И.А.Россиус, А.А.Виль қатарлы ресейлік белгілі тележурналистер қатысуда. 

Жүргізуші, «Қазақстан» телеарнасының баспасөз хатшысы, танымал тележүргізуші Оксана Лоскутованың кіріспе сөзінен кейін басталған форумның бірінші сессиясының тізгінін «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары Ринат Кертаев ұстады. Форумда сөз алған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев: «Қазіргі күннің талабы – ақпаратты жедел әрі сапалы тарату ғана емес, тұтынушының қызығушылығын дәл тауып, оқырманмен тікелей байланыс орната білу. Соынмен қатар, елдің мүддесін, халықтың мұң-мұқтажы мен өңірдегі басқа да өзекті мәселелерді терең сараптап, мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдарын халыққа тиімді тәсілдермен жеткізу», - деп қазіргі күнгі масс-медиа жұмыс бағытын атап өтті. 


Форум спикерлері, «Астана» телеарнасының Бас директоры Ләззат Танысбай, «Информбюро Мегаполис» газетінің бас редакторы М.В.Дорофеев, Орталық коммуникациялық қызметінің басшысы Е.Д.Кочетов, «НТВ» телеарнасының жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі Л.Ф.Гильдеевалар бүгінгі күнгі медианарық туралы өз ойларын ортаға салды. Еркін микрофон барысында әр өңірден келген БАҚ өкілдерінің министрге қояр сауалдары аз болмады. Олардың бәрін толғандырған – облыстық деңгейдегі 25 газетті жекешелендіру мәселесі. 


Министр мырза бұл жөнінде алдағы дүйсенбі күні облыс әкімі орынбасарларының қатысуымен арнайы талқылау өтентіндігін, министрлік өлкелік БАҚ-тарды өзіне алып қою саясатын ешқандай ұстанбайтынын, алайда облыстық әкімдіктердің газеттерді ұстап тұруға заңдық негізі болмайтынын айтып өтті. «Газеттер біріге ме, жеке меншікке сатыла ма, бәрі бір мемлекетік саясаттың өңірдегі жаршысы болып қала беруге тиіс», - деді министр. Өңірлік БАҚ өкілдері өз сөздерінде «Өңірлік БАҚ өкілдері альянсын» құру керек» деген пікірлер айтып жатты. Форум жұмысы жалғасуда.

Adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар