Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Айтыскер ақындардың жинағы жарық көрді

03.04.2014 2154

Айтыскер ақындардың жинағы жарық көрді

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан айтыс ақындары» атты анықтамалық жинақтың және айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлының «Шертолғақ» атты айтыстар жинағының, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесер рәсімі болып өтті. Іс-шараға Мырзатай Жолдасбеков, Намазалы Омашев секілді белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, А.Алматов, Тұрсын Жұртбай  сынды ғалымдар, Жүрсін Ерман бастаған ақындар, айтыскерлер, жыршы, термешілер қатысты. Тұсаукесер рәсімінде қазіргі айтыс өнерінің хал ахуалы сөз болды. Белгілі қоғам қайраткері, айтыс жанашыры Мырзатай Жолдасбеков: «Біздің жастар ән айта алады, домбыра тарта алады, жырды да жақсы айтады. Бірақ ата өнеріміздің тарихын білмейді. Біз соны білсін деп 25 томдық «Қазақ өнерінің антологиясы» деген жинақты жоспарға кіргіздік. Соның алғашқы 7 томы айтыс. Жастарымыздың арасында ата өнерін көтеріп жүрген жастар баршылық. Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаеваға айтыс өнері мамандығын өнер университетіне арнайы сабақ ретінде енгізуге  ұсыныс жасаған болатынмын. Ол қабыл алып, Білім министрлігіне ұсыныс берді. Бұл бізді бір қуантып тастады» деп сүйінші жаңалығын жеткізді. ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен жарық көрген анықтамалық жинақ пен аталған авторлардың кітаптары жиынға келген көпшілікке таратылды. 


adebiportal.kz

IMG_5197.JPG

IMG_5206.JPG

IMG_5228.JPG

IMG_5243.JPG

IMG_5235.JPG

IMG_5247.JPG

IMG_5250.JPG

IMG_5252.JPG

IMG_5270.JPG

IMG_5285.JPG

IMG_5276.JPG


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар