Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ақтаңдақ жылдардың суреттері...

12.12.2016 4279

Ақтаңдақ жылдардың суреттері

Ақтаңдақ жылдардың суреттері - adebiportal.kz


Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай


765718_800600517_IMG_3107.jpg

Жуырда Алматы қаласындағы Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай жазушы Нұрдәулет Ақыштың «Рақымсыз көктем» атты хикаятына арналған оқырмандар конференциясы болып өтті. Бұл әдеби шараға қатысқандар, негізінен, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Абылайхан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті мен Алматы қалалық кұқық және қаржы коллдежінің студенттері.


Конференцияға арнайы шақырылған М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкерлері Алымжан Хамраев, Гүлжаһан Орда және белгілі жазушы, «Өтікен» журналының бас редакторы Нұржан Қуантайұлы «Рақымсыз көктем» хикаяты жайында өз пікірлерін ортаға салды. Олар аталған шығарманың жазылу стилі, көркемдік деңгейі, ашаршылық жылдарындағы қызыл империяның солақай саясатының қалай ашылғандығы туралы талдаулар жасай келіп, ұнасымды қырларын ашып көрсетті.


Бұл тақылаудан конфренцияға қатысқан студенттер сыртқары қала алған жоқ. Олар хикаяттан үзінділер оқып, одан алған әсерлері жайында да ой бөлісті.


Конфренция барысында байқалған бір қанағаттанарлық жайт – тарихи тақырыпқа арналған осындай сәтті туындыларға жас оқырмандардың ерекше ықылас қойып, назар аудара білетіндігі. Қазақ тарихының өткен кезеңдерінен өнеге алып, оны көркемдікпен өрнектей білу жазушылардың ұрпақ алдындағы парызы болып табылатындығына оқырмандар қауым тағы бір рет көз жеткізгендей болды.


Оқырмандарды қызықтырған сұрақтарға кітап авторы жауап беріп, өзінің шығармашылық лабораториясымен бөлісті. Осы конференцияның негізінде түйінделген ой – ұлттық тәуелсіздіктің қазақ халқына үлкен қиыншылықпен, түрлі күрестермен келгендігі.


Ықылас Шалғынбай


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар