Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
«Алматыдағы жазушылар резиденциясы» байқауы

01.06.2021 1035

«Алматыдағы жазушылар резиденциясы» байқауы 12+

Almaty Writing Residency («Алматыдағы Жазушылар Резиденциясы» байқауына 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін өтінімдер қабылданады.

Еске салайық, оңтүстік астанада Almaty Writing Residency өз жұмысын бастады. Бұл Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебі (ААӘМ) және танымал американдық International Writing Program (IWP) бағдарламасының халықаралық жобасы. Бұл тұңғыш Қазақстандағы жазушылар резиденциясы және биылдан бастап ол қазақстандық, алыс және жақын шетел елдерінің жазушылары, ақындары және авторлары үшін елеулі жыл сайынғы оқиғаға айналады.

Almaty Writing Residency жобасын бастаған Юрий Серебрянскийдің айтуынша, қазақстандық авторлардың өтінімдерін қабылдаудың аяқталуына бір айдай уақыт қалды. «20 тамызға дейін қазылар алқасы резиденцияға қатысушылардың құрамын жариялайды Бұл үш қазақ тілді және үш орыс тілді автор болады. Ал резиденция 2021 жылғы 12 – 18 қыркүйек аралығында оңтүстік астанада өтеді.

Шығармашылық ортаға сіңісіп кетуі үшін байқаудың жеңімпаздары бір апта бойы бір кеңістікте тұратын болады. Олар «Қазақстандық сәйкестілік» резиденция тақырыбы бойынша семинарларға, шығармашылық кездесулерге және көпшілік іс-шараларға қатысады.

Резиденцияға Қазақстанда тұратын, конкурстық іріктеуден өткен авторлар қатыса алады. Байқауға қатысуға танымал прозашылар және ақындар, сондай-ақ жаңа бастап жүрген жазушылар шақырылады. Тәжірибелі авторларға артықшылық беріледі. Резиденция үш тілде – ағылшынша, қазақша, орысша өтеді. «Іріктеуден өткен қатысушыларға Алматыға дейінгі және кері қайтқандағы жол, жатын орны шығындары өтеледі, тәуліктік ақы төленеді», – дейді Юрий Серебрянский. Конкурстан өтпеген авторлар ерікті тыңдаушылар ретінде резиденция іс-шараларына қатысуға шақырылуы мүмкін.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы резиденцияның тақырыбы «Қазақстандық сәйкестілік» болып табылады. Авторлар, семинар жетекшілері, байқаудың жеңімпаздары және ерікті тыңдаушылар сәйкестілікке қатысты мәсәлелерді, осы бағыттағы халықаралық тәжірибені, елімізде қазақ пен орыс тілдеріндегі әдеби үдерісті талқылайтын болады. Қазақ пен орыс тілді авторлар арасындағы байланысты нығайту және өзара тәжірибе алмастыру – биылғы Резиденцияның негізгі мақсаттарының бірі

Almaty Writing Residency — бұл ААӘМ және танымал АҚШ-тағы IWP жазушылар резиденциясының бірлескен жобасы. IWP-ді Пол Энгл және Хуалинг Ние Энгл Айова жазушылары шеберханасы үлгісіндегі, халықаралық деңгейдегі академиялық емес жоба ретінде құрды. Бұл бағдарлама 2014 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын жазушылар мен ақындарға курстарды ұсынып келеді. IWP 1967 жылы құрылғаннан кейін оның жұмысына 150-ден астам елден 1500-ден астам танымал және жаңа бастап жүрген ақын, романшы, драматург, эссеист және журналист қатысқан.

БАҚ үшін байланыс +7 (707) 237 2928.

Өтінімдерді litshkola@gmail.com адресіне жіберуге болады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 13 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар