Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бәйге! Бәйге! Бәйге!...

30.03.2018 10788

Бәйге! Бәйге! Бәйге!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! - adebiportal.kz

Бәйге, Бәйге, Бәйге!

«ИСЛАМ. ИМАН. ОТБАСЫ» атты Республикалық жыр бәйгесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдігі екі жыл сайын дәстүрлі жыр мүшайрасын жариялап келе жатқандығы белгілі. Бұл жолы 2018-«Ислам және отбасы» жылы аясында жас ақындар арасында «ИСЛАМ. ИМАН. ОТБАСЫ» атты Республикалық жыр бәйгесін жариялайды.

1. Мақсаты: Рухани жаңғыру аясында 2018-«Ислам және отбасы» жылы аясында ұлтымыздың дәстүрлі ұлттық құндылықтарын насихаттау, дәстүрлі тәрбиенің асыл жауһарларын таныту, отансүйгіштік ұлы мұратты ұрпақ санасына орнықтыру, халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жастардың санасына сіңіру бұл жыр мүшәйрасының басты бағыты.

Сонымен қатар жас ақындарды қолдау, олардың шығармашылығын насихаттау, ислам және отан, туған жер, отбасы құндылықтары жайлы тың туындылар жазылуына ықпал ету көзделіп отыр.

2. Шарттары: Мүшәйраға 18-ден 35 жас аралығындағы жас ақындар қатыса алады. Жыр бәйгесіне ақындар Ислам, отбасы, имандылық тақырыбында 1 өлең, еркін тақырыпта (Отан, Тәуелсіздік, туған жер, ұлы тұлғалар туралы) 1 өлең ұсынуы керек. Жолданған өлеңдер бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт. Өлеңдер 14 қаріп түрімен 1.5 аралықта терілген, 3 беттен аспауы керек. Талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайтындығын ескертеміз.

3.Мерзімі: Өлеңдер 2018 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.

Жыр сайысы Рамазан айында қорытындыланып, жүлдегерлерді марапаттау шарасы Өскемен қаласында өтеді. Марапаттау күні жүлдегерлерге қосымша хабарланады.

4.Бағалау: Мүшайраны белгілі ақын, жазушылар сараптап, бағалап қорытындысын жария етеді. Әділқазылардың шешімі қайта қарауға жатпайды.

5. Жүлде қоры

Бас жүлде біреу 200.000 теңге

1-орын біреу 150.000 теңге

2-орын біреу 100.000 теңге

3-орын біреу 80.000 теңге

Ынталандыру, арнаулы жүлделер бірнешеу.

6.Байланыс: Өлеңдер mushayra2018@mail.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс. Ақындардың аты-жөні, байланыс телефоны, мекен-жайы көрсетілуі керек.

Жүлдегерлердің Өскемен қаласына келіп-кетуі өз тарапынан, ал Өскемен қаласындағы жатын орны, ас-суы ұйымдастырушы тараптан қамтамасыз етіледі.

Байланыс телефоны: 8 708 900 5384


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар