Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Елімізді барлық қырынан танытатын интерактивті кіт...

08.09.2016 3340

Елімізді барлық қырынан танытатын интерактивті кітап жарық көрді

Елімізді барлық қырынан танытатын интерактивті кітап жарық көрді - adebiportal.kz


книга пут.jpg

Бүгін Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және Green Penguin агенттігінің бірлескен жобасы — «Қазақстанға саяхат кітабы» деп аталатын жаңа форматтағы кітаптың тұсауы кесілді.




Кітап Ұлы Дала елінің байлықтарын зерттеп, көркі көз қуантатын жерлерін аралауға жігерлендіреді. Мұнда республикамыздың ең маңызды тарихи-географиялық және статистикалық мәліметтері жарияланған. Бұл ақпараттарды жоба авторлары бір жарым жыл жинап, олардың анықтығын егжей-тегжей тексерген. Кітап қазақ және орыс тілдерінде екі мың данамен басылды. Болашақта ағылшын тілінде де шығару жоспарланып отыр.


Жобаның редакторы, сценарий авторы Перизат Жұмажанның айтуынша, қазіргі таңда әлемде «Оқы және саяхатта» деген жаңа формат бар.




«Сол формат бізге енді ғана келіп жатыр. Біз соны қолдана отырып, түрлі суреттермен көмкерілген өз кітабымызды еліміздегі балаларға ұсынғымыз келді. Ол тек балаларға ғана емес, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін қызық болады. Үш-төрт адам отырып, жазып шыққан кітап емес. Тарихшылар, археологтар, геологтармен бірге ақпараттарды, статистикалық мәліметтерді тексертіп алып отырдық», - дейді ол.




Бұл кітапты авторлар «Менің елім» деп аталатын қазақстандық брендті нығайтуға үлес қосу ниетімен Қазақстанның бетке ұстар кітабы ретінде ойластырған. «Қазақстанға саяхат кітабы» Ұлы дала елін елестетеді және оның таңғажайып байлығын зерттеуге, жаңаша көзқараспен қарауға шабыттандырады.


Саяхат кітабының форматы ерекше — ол анықтамалық емес, оқулық емес және географиялық атлас та емес. Ол авторлық иллюстрация ретінде қызықты тарихи-географиялық және статикалық фактілерге негізделген әңгімелік карта.




Қазақстанға саяхат кітабы барлық жастағы адамдарға арналған және ол қазақстандықтар мен қонақтарды қызықтыратыны күмәнсіз.




Green Penguin агенттігінің креатив директоры Ирина Тараненконың айтуынша, кітаптың ішінде 19 авторлық карта, интерактивті карта, 16 алынбалы карта, 48 мәдени орталық, 130 табиғи аймақ, 65 танымал тұлғалар және 64 жануар туралы мәліметтер бар.


«Бұл мұндай форматта жасалған Қазақстандағы тұңғыш кітап деуге болады. Жуырда кітаптың ағылшын тілінде нұсқасын, сондай-ақ, кәдесыйлықтар жасау жоспарымызда бар. Бір жарым жыл бойы бар ынтамызбен жасаған еңбегіміз оқырманның жүрегінен жол табады деген сенімдеміз. Тұңғыш Президенттің Қоры үшін мәдени-білім беру және әлеуметтік жоба болып табылатын кітап — патриоттық сезімді және өзін-өзі тануға, еліміздің ерекшелігін және бірегейлігін, ішкі және сыртқы туризмді насихаттауға ықпал етеді» - дейді ол.




Ал Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Сағындық Нұрахановтың айтуынша, Универсиада, ЭКСПО сияқты ауқымды іс-шаралар алдында осындай жобаға деген халықтың сұранысы артады. 



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар