Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Елордада қаламгерлер Ерғазы Рахимовты еске алды

29.11.2018 971

Елордада қаламгерлер Ерғазы Рахимовты еске алды

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, жазушы, публицист Ерғазы Рахимовтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті.


Әдеби жиынның мақсаты – қарымды қаламгердің өмірі мен шығармашылығын жұрт жадында жаңғырту, өскелең ұрпаққа насихаттау болды.


Аталмыш кеш Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасы және Қазақстан Жазушылар одағының тікелей қолдауымен ұйымдастырылды.


Басқосуға ҚР ҰҒА академигі С.Қасқабасов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Н.Айтұлы, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар С.Негимов, Қ.Алпысбаев, Р.Тұрысбек, белгілі жазушылар Т.Әбдірайым қатысып, Ерғазы Рахимов туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, шара барысында белгілі әнші Тұрсынғазы Рахимовтың «Аягөз», «Ақбөкен» сынды әуезді әндері орындалды.

Ерғазы Аққазыұлының лирикалық өлеңдері, көркем очерктері мен қысқа әңгімелері қазақ оқырманына кеңінен таныс. «Өкпеті өрендері», «Мұңсызбайдың мұрагерлері», «Сүрі қар», «Тентек келін», «Терісайрық» әңгімелер мен повестер жинақтары, «Зейнел күйі», «Жырлайды жүрек», «Ымырт пен қобыз» өлеңдер мен дастандар жинақтары әр жылдары жарық көрген.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: ерғазы рахимов
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар