Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Кітап және поэзия мерекесі

05.07.2014 1935

Кітап және поэзия мерекесі

Есілдің бойын ентелей қонған елорданың оң жағалауындағы ұлы ақын Абай ескерткіші алаңында Астана күніне арналған «Мәңгілік Ел – Қазақ Елінің Ұлттық Болашағы» атты Кітап және поэзия мерекесі өтті.



WP_20140705_002.jpg

Астана қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен бұл поэзия мерекесіне Астана қаласының зиялы қауым өкілдері мен елімізге танымал жас ақындар қатысты. Көкірегін шаттық пен қуаныш кернеген жас ақындар Астанаға арналған өлеңдерін оқып, мерекеге қатысушылардың рухын асқақтатты. 

Осы мереке барысында Астана қонақтарына арналған әдеби проминад – «Мәңгілік Ел – ұрпақтар сабақтастығы» атты қызықты бағдарлама өткізілді. Мерекенің тағы бір сәні – «Үш Бәйтерек» зияткерлік сайысы. Зияткерлік сайыс жас бүлдіршіндер арасында болды. Оған республикалық әдеби оқулардың жеңімпаздары, бүлдіршін ақындар, мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. «Балдырған», «Ақжелкен», «Ұлан», «Дружные ребята» балалар басылымдарының басын біріктіріп отырған мемлекеттік «Жас өркен» серіктестігі бірнеше буын ұрпақты тәрбиелеген, талай ұрпаққа өшпес мұра, сөнбес шырақ болған, қазақ балалар әдебиетінің жауһарларын туғызған ақындар – Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиевты 2014 жылғы «Үш Бәйтерек жылы» деп жариялаған болатын. Осы ардақты ақындарымыздың балаларға арналған өлеңдері әлі талай жас ұрпаққа шам шырақ болары сөзсіз. 

Сондықтан «Үш Бәйтерек» зияткерлік сайысында осы ақындардың өлеңдері мәнерлеп оқылды. Келесі сайыс «Астана – болашақтың қаласы» поэтикалық марафоны. Бұл марафонға 2014 жылдың 2 сәуір айында 10-16 жас аралығында мектеп оқушылары арасында «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбына өлең шығару сайысы жарияланған болатын. Сол сайыстың қортындысы бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздар Астана туралы туындыларын ортаға салды. Сайысқа түскен ақындардың өлеңіне айтулы ақын Серік Тұрғынбеков, балалар жазушысы Толымбек Әбдрайым, ақын, Тортай Қазиұлы қазылық етті. Сайыс қортындысы бойынша жеңімпаздарға қала әкімдігінің арнайы сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.

WP_20140705_003.jpg              WP_20140705_010.jpg
Астана қаласының қуыршақ театрының әртістері Кітап және поэзия мерекесіне театрландырылған көріністерімен әрлендіріп,, мерекеге қатысушыларды кітап әлеміне саяхат жасатып, ақындардың өлеңдерімен сусындатып отырды.

Биылғы жылғы поэзия мерекесін ерекшелендіретін шара – «Оқы Астана» атты пром-акциясы. Акция барысында кітапханашылар дайындаған Астана кітапханалары туралы ақпараттық буклеттер мен ақын-жазушылардың кітаптары тегін үлестірілді. Астана кітапханалары ұйымдастырған «Мәңгілік Ел – Қазақ Елінің Ұлттық Болашағы» атты кітап көрмесі де поэзия мерекесінің құнын арттыра түсті.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар