Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Корей ертегілерінің» тұсауы кесілді...

22.08.2014 4727

«Корей ертегілерінің» тұсауы кесілді

Бүгін, яғни 22 тамызда Астанадағы Корей елшілігіне қарасты «Корей мәдениеті» орталығында «Фолиант» баспасы басып шығарған «Корей ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті. 

_MG_4689.JPG

Балалар әдебиеті – әлем халықтарының барлығына ортақ қазына. Сол қазынадан ұрпақты хабардар ету – ел ертеңін ойлағандықтың белгісі.
«Фолиант» баспасының осы реттегі кішкентай оқырмандарға корей халқының ертегілерін қызықты көркем суреттермен ұсынуы қуанарлық та, құптарлық жай.
Корей тілінен қазақшаға алғаш аударылып, оқырманға ұсынылып отырған аталмыш кітаптың авторы есімі елімізге танымал бола бастаған шығыстанушы, аудармашы, жергілікті және мемлекеттік басқару саласының маманы Дастан Ақаш. Кітаптың суретшісі Айсұлу Алмасбаева. 
Тұсаукесер рәсіміне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері ақын Ақұштап Бақтыгереева, Несіпбек Айтұлы сынды қаламгерлермен қатар БАҚ өкілдері, корей ұлтының өкілдері қатысты. 

_MG_4693.JPG

Қазақстан мен Корей елінің арасындағы мәдени экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру мақсатында қолға алынған іс-шараның көрігін  қазақ және корей тілдерінде шырқалған әсем әуендер аша түсті. Құттықтау лебіздерін білдірген қонақтар екі ел арасындағы бауырмалдық пен ынтымақтастықты, екі ел әдебиеті арасындағы алтын көпір жайын сөз етті. Тамыры тереңде жатқан бұл ұқсастықтар кітапқа енген корей ертегілерінің әрқайсысынан айқын аңғарылады. 

_MG_4719.JPG

_MG_4734.JPG

Корей елінің ізетті де, ізгі қасиеттерін арқау еткен ертегілердің тілі тартымды, мазмұны бай. Бір сөзбен айтқанда, балалар санасына лайықты тілмен аударылған кітаптағы 10 ертегінің оқырманды ойлантып-толғантары, бей-жәй қалдырмасы анық. Кітап бүлдіршін қазақ балаларына ғана емес, корей тілін үйренуші студент жастарға, корей мәдениеті мен экономикасына қызығушыларға арналған.
Жақсылықтың көшбасшысы болған баспа өзінің жақсы істерін алдағы уақыттарда да жалғастырмақ ойда. 
Баспа ұжымы жуық арада «Корей ертегілерінің» екінші кітабымен оқырмандарды қуандырмақ ниетте екенін айтты. 

_MG_4710.JPG

_MG_4704.JPG

adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар