Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Омар Жәлелдің тұңғыш кітабы жарық көрді...

12.12.2016 9310

Омар Жәлелдің тұңғыш кітабы жарық көрді

Омар Жәлелдің тұңғыш кітабы жарық көрді - adebiportal.kz



9de8f02c4c462625b4223092e050af00.jpg

ҚР Ұлттық академиялық кітапханада филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлелдің елу жылдық мерейтойы қарсаңында «Харекет» атты кітабының тұсаукесері өтті.


Шараға Филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасов бастаған, Тұрсын Жұртбай, Дихан Қамзабек, Досай Кенжетай, Кенжеғали Мыржықбай сынды елімізге белгі азаматтар қатысып, жылы лебіздерін білдірді.


Тұсаукесер тойына Омар Жәлелдің туыс-туғанымен қатар, өзінің тәрбиесін бойына сіңіріп жүрген бір топ ізденушілер қатысты. Өнердегі достары ән салып, күй шертті.


Алғаш сөз кезегін алған Сейіт Қасқабасов Омар Жәлелдің «Харекет» кітабына жоғары бағасын берді. «Мен Омарды әдебиеттанушыдан гөрі, философ ретінде жоғары бағалаймын. Оның кітаптағы бейресми ойлары, оқыс пікірлері көңіл көншітеді. Тең пікірлесуге сұранып тұр. Бізде әдеттегі ресми ойларды жаза беретіндер көп, және соған етіміз үйреніп кеткен» - деді ғалым.


Дихан Қамзабек: «Көп ғалым кітап шығару міндет емес деп ойлайды. Ондай салғырттық бұрыннан келе жатыр. Қазақ әдебиетіне түрен салған Әмірхан Меңдеке деген керемет әдебиеттанушы бар. Сол кісі кітабын әлі шығармай жүр. Елуге келгенде Омардың да бір кітап шығаратын реті бар» деді. Сонымен қатар, Тұрсын Жұртбай мен Досай Кенжетай да Омар Жәлел туралы жақсы пікірлерін ортаға салды.


Кенжеғали Мыржықбай Абайдың Гётеден аударған «Қараңғы түнде тау қалқып» әнін неміс, орыс, қазақ тілдерінде орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жас күйші Нұрғаным Айтбаева Тәттімбеттің күйлерін орындап, халықтың делебесін қоздырды. «Тәттімбет күйдегі Абаймен тең» - деді ол.


15397799_1205491046167438_265899879_o.jpg


Келген көрмендерге Омар Жәлел алғысын білдірді. «Осы жерге келгендер менің шын жанашырларым болып есептеледі» деп ағынан жарылды.





adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар