Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Сахна төріндегі Астана

23.11.2018 49

Сахна төріндегі Астана

Елбасы Астана туралы айтқан бір толғанысында: «Қалалар мен адам тағдырлас» дегені бар. Расында Астана ауыз әдебиетіміздің гауһар жырларындағы батырлардай көзді ашып-жұмғанша ержетіп, жұртына қорған болуға асығатын алыптарымыз тәрізді. Керегесі қауырт тік көтерілген қарашаңырақтың тұрақтылық пен ынтымақтастықтың мекені ретінде барша әлемге танылуы қазақстандықтар үшін зор мақтаныш. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының идеясы шынайы өмірде іске асып жатқанын, Елбасының сара жолы «Нұрлы жолға» айналғанын көтеріңкі көңіл-күймен жеткізгім келеді.

Театрға барғанда тек қойылым мазмұнын, актерлердің шеберлігімен қоса, сахнаның көркем безендірілуіне мән берген сәтте рухани құндылықтарымыздың бір бөлшегіне айналып отырғанына көз жеткіздім. Режиссермен бір қатарда жұмыс жасайтын, десек те, көлеңкеде қалып қоятын мамандық иесінің осы өнерге қосатын үлесі өз алдына үлкен дүние.

Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының ұстазы, Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының қоюшы-суретшісі ретінде көп жылдан еңбек етіп келемін. Сахнаны безендіру ісі әрбір сахна көркінің, көздің жауын алып қана қоймай, өз көрерменін еңбегі үлкен сахна мәдениетін түсінуге болады.

Иә, 30 жыл шығармашылық пен ұстаздықты қатар алып келемін. Қазіргі кезде шәкірттерім өте көп. Оларға қазір Антон Чеховтың драмаланған шығармаларына арнап, сахна үлгілерін жасатып, үйретіп жатырмын. Масштабты әзірге кішкентай етіп жасаймыз. Мұндай макетті жасау үшін 2 ай уақыт керек. Сөйтіп, мен режиссер ретінде, ал оқушыларым суретші ретінде ойланып, жасалған сахнада қойылым қоямыз.

Сахна қойылымдарына арнап киім де тігеміз, қойылым үшін қандай да бір зат керек болса, біз оны қолдан жасап шығуға тырысамыз. Сурет те салынады. Мәселен, Спартак жауынгерінің кәстөмі 4 айда жасалып бітті. Шекспирдің «Гамлет», «Ромео мен Джульеттасын» қойған болатынбыз. Соның да кәстөмдері бар. Сахнада не зат болса, соның барлығы осы суретші-қоюшы мамандығында оқитын студент жастардың тікелей жұмысы. Көпшіліктің көзіне көрінбесе де, бұл маман иелерінің атқаратын жұмысы өте көп. Сахна суретшісі режиссер, композитор, балетмейстер. Тіпті актерлердің де жүгін көтереді. Бұл еңбекте қате болмауы керек. Осы орайда, Астана мәңгілік елдің Отаны ретінде көптеген эскиздер, сахналық безендірулерді жасау үстіндемін.

Бұл Астана қазақ қазақ болғалы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен болашағына жол тартатын құтты қонысы болмақ. Астана жылдан-жылға гүлдеп, жайнап келеді. Сарыарқа төсіне тағылған жақұт алқадай болып жарқырап көрінеді. Астананың тәуелсіз Отанымызбен айбынды Астанамыздың өсіп өркендеуі, әрине, біздің жастарымыздың қолында. Егемен Қазақстан осы сөздерді естігенде менің көз алдыма алтын пырақты елтаңбамыз, көгімізде желбіреген көк байрағымыз, құлағымызда әуелеген әнұранымыз келеді. Біз тәуелсіз елдің болашағымыз! Біздің еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп, көптеген жетістіктерге аз ғана жылдар ішінде қол жеткізіп келеді. Олардың барлығын тізбектеп айту мүмкін емес те шығар. Атап айтар болсақ, еліміздің қол жеткізген жетістіктерінің бірден-бірі елордамыз Астана. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.

Астананы өзімнің жеке шығармашылығымда сахна төріне шығаруды мақсат етіп жүрмін. Алдағы уақытта менің жеке жұмыстарымның көбісі тек Астананың көркем бейнесін сценографиялық көрініске айналдырсақ, керемет көркем сахналық көріністер, шын мәніндегі Астана қаласының әлемдегі айшықты қала екенін дәлелдей түседі.

Есенгелді Тұяқов


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Астана, Сахна төріндегі Астана
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар