Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЗЕРТТЕУ
Верена Цабель. Жамандықтың белгісі болғым келмейді...

11.11.2024 696

Верена Цабель. Жамандықтың белгісі болғым келмейді 14+

Верена Цабель. Жамандықтың белгісі болғым келмейді - adebiportal.kz

Қазан айының соңын ала Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, драматург, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанованың шығармашылығына арналған, ел іші-сыртынан келген ғалымдардың қатысуымен «Шеберлік дәріс» өткен еді. Ол іс-шара туралы біз порталымызда жазған едік. Және арнайы Германиядан келген, әдебиеттаушы Верена Цабельдің «Жамандықтың белгісі болғым келмейді» деген тақырыппен жасаған баяндамасын жариялауды уәде еткен едік. Оқырманға берген сол уәдемізді бұзбай, қазақтың ұлт қайраткеріне айналған Герольд Бельгер ағасының ізін жалғаған қарындасымыздың шығармасын ұсынып отырмыз. Қазақ тілін енді ғана үйреніп жүрген жас ғалымның мақаласындағы кейбір олқылықтарға түсіністікпен қарай отырып, мәтіннің қалпын бұзбай, автордың тіл қолданудағы өз бітімін сақтап жариялап отырмыз. Верена ханымның ана тілімізге деген құрметіне, қазақ әдебиетіне деген ақ пейіліне қашан да ризашылдығымызды білдіреміз.

Әдебиет порталы

«Мәңгілік бала бейне» әңгімесінде ядролық полигоны және стигматизация мәселелері

Бұл жұмысымда мен Роза Мұқанованың әңгімесі «Мәңгілік бала бейне» қалай әсер ететінін түсінгім келді. Мен Роза апайдан драма қалай әсер етеді деп сұрағанымда, ол маған: «Спектакльге келген көрерменді қатты аяйтынмын. Себебі бәрі жылап отыратын» деп айтты. Содан кейін мен драма туралы әртүрлі сыни пікірлерді оқыдым, бұл жерде де адамдар олардың сезімдері туралы жазған еді. Жалпы, олар Ләйләға жаны ашитын, оған елжіреп қалатындарын және жылап отыратындарын айтты. Мен де бірінші рет бұл әңгімені оқығанымда, Ләйләға елжіреп қалдым. Бұл жазбада мен оқырмандардың Ләйләға неге жаны ашитыны және елжирейтіні жайлы түсіндіруге тырысамын.  

«Мәңгілік бала бейне» туралы ойласам, Ләйлә ғана емес, Жарық Ай мен Ләйлә арасындағы достық туралы ойланамын. Әңгімедегі ең поэтикалық көріністің бірі Ләйлә Жарық Аймен қоштасу көрінісі:

«Төсек тартып жатқан қыз бетіне Ай сәулесі түсті. Қарауылдың барлық терезесінен сығалап, іздеп, тінтіп жүріп, Ләйлә-қызды әрең тауып алған сияқты. […] Ай да, қыз да бір-бірімен ажыраса алмай, бірін-бірі қимай ұзақ аймаласты. […] Қыз бетіне түскен Ай сәулесінен самайына қарай құлап, жол салып, дөңгелеп жатқан көз жасы анық көрінеді. Жанарындағы көлкілдеген жастың әсері ме, қыз көзінің сәулесі азайып кеткендей болды. Жанталасып, егде қолдарымен көз жасын сүртіп тастауға тырысып еді, қозғалтпады. Ләйлә-қыз мұңайып жанарын бір жұмып, дем алып тағы ашамын деген, бірақ... Жан тапсырған төсектегі қыз суретін ұзақ аймалаған Ай биіктеп, жылжып кетті. Мәңгілік қоштасып кетті. Екі тіршілік: Бірі - жер баласы, бірі - түн баласы.»

Бұл көрініс әрине, жүрекке жылы тиетін, бірақ әңгімені мұқият оқысақ ғана, бұл көрініс бізге қандай қатты әсер қалдыратынын түсіне аламыз. 

Әңгіме барысында, оқырман Ләйләнің ішкі сезімдерімен танысады. Біріншіден, оқырман оның армандары мен үміттерін, оның Жарық Аймен әдемі достығын көреді. Ал екіншіден, оқырман Ләйләнің мұңы туралы оқиды. Ал Ләйләнің мұңы оның мүгедек болғанымен ғана байланысты емес. Ләйләға ең ауыр тиетін жағдайлары көбінесе басқа адамдардың оған деген қарым-қатынасымен байланысты. Ләйлә Қарауылда мүлдем жалғыз және доссыз жан. Басқа адамдар оның ішкі өмірінің бай екендігін байқамай, мүгедек қыздын бейнесін ғана көреді.

Ауыл тұрғандарының Ләйләмен қарым-қатынасын түсіндіру үшін, мен стигматизация деген сөзді қолданамын. Бұл сөз және оның ядролық сынақ құрбандарымен байланысы туралы ой менің ғана ойымнан шыққан жоқ. Бұл туралы журналист Қанат Қабрахманов та айтқан. Ол «Человеческие последствия испытаний ядерного оружия в Казахстане» (Қазақстандағы ядролық қару сынақтарының адамзатқа тиген әсері) атты кітабында сол туралы айтқан. Оның айтуынша, стигматизацияның мәселесі маңызды, себебі қазіргі Қазақстанда көп адамдар бұрынғы полигоннан алыс емес дүниеге келген адамдардың бәрінің денсаулық жаман. Кабдрахманов туралы былай айтқан: 

«В обществе уже издавна царит мнение, что облученные люди не вполне полноценны

в отношении наследственности, что у них часто рождаются уроды. На самом деле

такое мнение не подтверждено нигде в мире, но, как бы там ни было, облученность в

общественном мнении стала современной проказой.» (287)

Әрине, бұрынғы полигоннан алыс емес ауылдар мен қалаларда да көп сау адамдар бар. Тіпті олардың денсаулығы жаман болса, Кабрахмановтың айтуынша, медициналық жәрдем жақсы дәрежеде болса, ядролық сынақ құрбандары да жақсы өмір сүре алатын еді. Тіпті сау адамдар стигматизацияны көретіні, Кабдрахманов мысалдармен көрсетіледі. Оның мысалдардың бірі былай:

«Оценивая гуманитарные последствия, мой знакомец убежденно сказал: на девчонках

из Семипалатинской области жениться нельзя! Они все больные и рожают уродов.

Таково было непоколебимое мнение молодого неженатого парня. Я вспомнил об одной девушке из Семипалатинской области. Она училась в одном алматинском институте и собиралась выйти замуж. Когда о свадебных намерениях прознали родители жениха, они срочно приехали в город и тайком встретились с девушкой. Будучи наедине, сказали ей все, что думали о ее наследственности и будущем ее детей. Девушка бросила институт и уехала в свой аул. Район, где находится аул этой девушки, мог пострадать от радиации только гипотетически.» (300)

 

Кабдрахмановтың сөздерін ауыр тиеді, себебі стигматизацияның жаман әсер ететіні көрсетіледі. Сол себептен Қабдрахманов сол құрбандар үшін бүгінгі қоғамдық стигматизация үлкен мәселе екендігін айтты.

Оның сөздері туралы ойлағанымда, мен стигматизация деген сөз туралы көбірек білгім келді. Сол үшін әлеуметтануға жүгіндім. Әлеуметтану ғалымдары стигматизация туралы көп жазған екен, ал бір мақалада стигматизацияның әртүрлі түрлері былай деп түсіндіріледі:

«Алайда стигма көп қырлы. Мысалы, стигма  теріс қабылдауды болжауға (күтудің стигмасы), өзі туралы стигматизациялайтын көзқарастарға (ішкі стигма), кемсітушілікке ұшырау тәжірибенің болуы (өмірде көрген стигма) немесе психикалық ауруы бар басқа адамдар туралы теріс көзқарастарға қатысты болуы мүмкін (стигманы мақұлдау; Клемент және т.б., 2015). Екінші жағынан, Корриган (2004) стигманы қоғамдық стигма (яғни, адамның қабылданбайтындығы туралы қоғамның қабылдауы) және жеке стигма (яғни, қоғамдық қабылдауды интернализациялау және өзін қолайсыз деп қабылдау; өзін-өзі стигма деп те аталады) деп ажыратады.»

Осы сипаттаманы оқығаннан кейін, мен «Мәңгілік бала бейне» қайтадан оқыдым. Мен таңғалып қалдым. Әңгімеде стигманың бірнеше түрлері көрсетілген екен. Әрине, әңгімені жазған кезде Роза апай оларды әдейі белгілеген жоқ болар, алайда оның адамдар және олардың сезімдері туралы өте көп білетіні айдай анық. 

Ендігі кезекте әңгіменің бірнеше сахналарын стигма деген сөзбен түсіндіремін. Жалпы, бұл сахналар арқылы, оқырман Ләйлә қалай стигма және стигматизация көретініне куәгер болады, ал әңгіме Ләйләның көзқарасынан жазылғандықтан, оқырман онымен бірге стигма көреді.

Сол үшін Клементтың төрт сөздеріне ерекше назар аударамын және әңгімедегі өмірде көрген, күткен, ішкі стигманы және стигманы мақұлдау туралы айтып берейін. 

Ішкі стигманы әңгіменің бірінші бетінде көре аламыз. Ләйлә терең сайда, Жарық Аймен сөйлесіп отырған кезде, былай деп айтатын:

«О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен қасіретке толы. Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін

Бұл көріністе бір жағынан Ләйләнің сезімдерін, басқа жағынан оның ойларын көре аламыз. Оның айтуынша, оның «сезімі бүтін, ақылы дұрыс». Ол өзін кем адам деп санамайды, бірақ басқа адамдар оны кемсітеді. Неге Ләйлә «мен мүгедекпін» деп айтады? Себебі ол басқа адамдардан еститіні сол. Басқа адамдардан «сен мүгедексің» деп өмір бойы естігендіктен, ол да өзін сондаймын деп ойлай бастады. Сол себептен өзі туралы «мен мүгедекпін» деп жиі айтады. Оның сезімдерін де «ішкі стигма» деп айта аламыз.

Өмірде көрген стигманы да әңгімеде таба аламыз. Соны түсіндіру үшін басқа көрініске көшейік. Бұл көріністе Қатира мен Ләйлә арасындағы әңгіме. Бұл көріністе біз Ләйләнің ішкі және өмірде көрген стигмаларын көре аламыз. Ләйлә енді ғана терең сайдан үйге оралды, Қатира оған «қайда жүрсің» деп сұрады, ал Ләйлә оған жауап бермейді:

«- Е, енді саған жетпей жүргені меңіреулік пе еді? Оған да жетерсің, меңіреу де атанарсың.

Қыздың көзі жарқ етті. Қатира мырс етіп, айызы қанғандай қыздың аяқ-қолына сұқтана қарады. Ләйлә-қыз мүгедек денесіне сабырлылық жинай алмай, ызаға булығып, қалшылдап барады. Қолы мен аяғына әлдекімнің көзі түсе қалса, қу жанын қоярға жер таба алмай намыстанып, есі шығатын. Мынау шамадан тыс үлкейіп бара жатқан егде қолдар мен жетілмей қалған аяғына ешкімнің көзі түспесе екен, байқамаса екен деп зар қағатын. Ал, Қатира болса әдейі қақшиып, шошына именіп, мұның жанды жеріне тисе түскісі келгендей сұқтана, жиіркене көз тастады. Осындайда Ләйлә-қыздың жаны шырқырап, жасырынар жер таппай алас ұрады.»

Бұл көрініс үлкен әсер етеді, себебі біз Қатираның сөздеріне ғана емес, оның Ләйләға қалай қарағанына куә бола аламыз. Басында ол Ләйләға ауыр сөз айтады, ол жұрт оны «мүгедексің» деп айтатынды білгендіктен, Ләйлә оған жауап қайтармағаны үшін оған «меңіреу» деп айтады.

Бірақ Қатираның қарағаны Ләйләға көбірек жанына тиеді. Қатира «қыздың аяқ-қолына сұқтана қарады» деген жеріннен-ақ оның Ләйләны көздерімен қалай жақтыртпайтыны анық көрсетіледі. Ләйлә Қатираның былай қарағаны нені білдіретінін жақсы түсінетін. Оған Қатираның қарағаны қатты ауыр тиетін және жанға бататын. Бұл көрініс оқырман Ләйләнің өмірінде көрген стигмасына куә болып, ішкі стигманың қайдан пайда болғанын да түсінеді. Өмір бойы, әртүрлі адамдар Ләйләға Қатира сияқты көзбен қарады, оның «мүгедек» денесіне көп назар аударатын, бірақ Ләйләнің ішкі өмірін, оның армандары мен сезімдерін көрмей қалды.

Күту стигмасын да әңгімеде таба аламыз. Ләйлә аурып қалғаннан кейін, төсекте жатады. Бір күнде көрші ауданның екі басшы азаматы келіп, Ләйләні қаралы жиынға әкеткісі келеді. Алайда Ләйлә барғысы келмейді, себебі ол адамдардың көзқарастарынан қорқады:

«Алапат күннің белгісі ретінде, ел басына қатер тұнған күннің белгісі ретінде. Иә... иә, әйтеуір жақсылықтың емес, жамандықтың тек жамандықтың белгісімін. О, құдай…»

Қарауылдың тұрғындары Ләйләні тек алапаттың белгісі ретінде көргендіктен, қаралы жиында да солай болады деп ойлады. Бірақ Ләйлә күту стигмасына қарсы шығады:

«Жамандықтың белгісі болғым келмейді. Мені аяңдаршы. Мен ел көзіне оғаш, мүгедек болғаныммен, жақсылықты ғана аңсаймын. Мен тек жақсылықты... Отырғандар түнеріп, үнсіз қалды. Қыздың онсыз да үзілгелі тұрған нәзік жанын ешкім түсіне алмады.»

Ең маңыздысы, оқырман әңгімені Ләйләнің жағдайын түсініп, онымен бірге бастан кешкенің сезіну үшін жазылған. Оқырман Ләйләмен бірге стигманы көреді. Сол себептен, оқырман Ләйләнің сезімдерін түсіне алады. Ал әңгімедегі кейіпкерлер Ләйләнің жанын түсінбеген кезде, оқырман Ләйләға жаны ашиды.

Құмар

Әңгімеде адамдар арасында Ләйләға жаны ашитын Құмар ғана бар. Ол бала кезінде Ләйләмен бірге оқыған жігіт. Бір күні ол Қарауылға қайтып келеді және Ләйлә онымен кездеседі. Ол басқа адамдар сияқты емес. Ол Ләйләмен сөйлеседі, онымен бірге билейді. Әңгімедегі Құмар драмадағы Құмарға қарағанда басқаша. Әңгімедегі Құмардың Ләйләға жаны ашиды және ол оған жақсылық тілейді. Ол Ләйләны көргенде, былай айтады:

«- Ләйлә, Ләйлек! Ақ Ләйлә! - Қыз жып-жылы жігіт даусына елең етті.»

Сол «жып-жылы» сөз өте маңызды және біраздан соң сол сөзге қайтып ораламыз. Құмардың дауысы да «жып-жылы», және ол Ләйләға еркелетіп қойған аты болды.

Содан кейін онымен сөйлеседі, онымен билейді. Әңгімеде оның қарағаны туралы бірнеше сөз бар:

«Құмар, қыздың мәңгілік құрысып қатып қалған бала бейнесіне мән бермеді, көрмегенсіді, білмегенсіді. Қыздың онсыз да өзіне қадалған мұңлы жанарына жара салғысы келмеді.»

Құмар Қатира сияқты емес. Қатира өзінің қарағанымен Ләйләны кемсітуін көрсетеді және оның мүгедек денесіне назар аударады. Ал Құмар ол сияқты емес. Құмар өзінің қарағанымен жылылығын және қамқорлығын көрсетеді.

Құмар Ләйләнің мұңың түсінгендіктен, оның денесіне мән бермейді, ол Ләйлә «Ләйлек», «Ақ Ләйлә» деп атайды.

Драмадағы Құмар да басында Ләйләмен сөйлеседі, онымен билейді. Бірақ содан кейін олардың арасындағы достықты ақша үшін сатады. Ләйлә қаралы жиынға барғысы келмегенде, Ләйләны көндіру үшін басшы азамат Құмарға ақша береді. Сол себептен, драмадағы Құмар әңгімедегі Құмардан қарағанда басқаша. 

Әңгімедегі Құмар оқырманға өте маңызды нәрсе көрсетеді. Ол Ләйләны кәдімгі адаммен секілді сөйлеседі. Әңгімеде бұның Ләйләға қандай әсер ететіні көрсетіледі. Ләйлә онымен бақытты, өзін жақсы сезінеді, себебі Құмар Ләйләны мүгедек ретінде емес, нәзік жан, кәдімгі қыз сияқты көруге тырысады. Ол Ләйләға бақыт тілейді. Оқырман Құмар мен Ләйлә арасындағы қарым-қатынасты көріп, жаны ашиды. Сол себептен, әңгімедегі Құмар Жарық Ай сияқты.

Жарық Ай

Ләйлә доссыз, сырлассыз болғандықтан Жарық Айдан сырлас тапты. Сол туралы Ләйлә өзі де айтады :

«Мен Аймен кездесуге, сонымен сырласуға барамын. Жарық Айдан басқа жанымды түсінер жан таппаған соң терең сайға жүгіремін. Ол сәтте, мені іздемеңдер, менен сұрамаңдар, мені көрмеңдер!»

Біздің өмірімізде, ай - ғарыштағы аспан денесі ғана. Егер де Жарық Ай Ләйләны іздемесе, бәлкім әңгімені оқығанда, біз мұңлы сезімдерге тап болар едік. Алайда әңгіменің ішіндегі логикасы - Жарық Ай тіршіліксіз аспан денесі емес. Ол сезімі бар ғарыш тіршілігі, себебі Ләйлә көріністе жоқ жерде де, оқырман Жарық Айдың сезімдері туралы оқи алады:

«Терең сайға түскен Ай сәулесі бұрынғысынан да жап-жарық. Жер бетін кезіп, жылжыған қалпы Ләйлә-қызды іздеп жүр. Қарауылдың суынан да, жерінен де, тауынан да сұрап беу-беулеп іздеу салады. «Қайда кеттің? Неғып бүгін терең сайда жоқсың?» деп ана-дауыс жып-жылы алақанымен қолын жайып, сай ішінде қалықтап жүргендей

Мәтінде бұл жерде бізге Жарық Ай Ләйләны іздеп жүретіні туралы айтылады. Әңгімеде Жарық Ай жанды етіп көрсетіледі және ол әртүрлі іс-әрекеттерді жасай алады. Содан кейін, Жарық Айдың Ләйләны қалай іздейтіні туралы метафоралар түсіндіріледі. Жарық Ай ғарыштағы суық объект болғанымен, оның Ләйләға деген сезімдері аналық сияқты көрсетілген. Оның сәулесі алақан сияқты, сол алақанмен ол Ләйләны іздеп жүреді. Ай сөйлей алмаса да, ол Ләйләға ана сияқты және оның сәулесі аналық дауыспен сөйлей алады. 

Жарық Ай адам болмағанымен, адам сияқты. Шынымен де, ол Ләйләны адамның жүрегімен жақсы көргендей көрсетілді. Сол себептен Ләйлә мен Жарық Ай арасындағы достық бізге қатты тиді. Әңгімедегі адамдар Ләйләны мүгедек ретінде ғана көретіндері -ол стигматизацияның және кемсітушіліктің белгісі. Жарық Ай Ләйләны тек мүгедек ретінде ғана көрмейді. Ол оның ішіндегі армандары мен үміттерін тыңдап, оны қандай болса да солай жақсы көреді. Жарық Ай Ләйләны мүгедек ретінде ғана емес, адам ретінде көреді. Бұл әңгімеде Жарық Ай ғана адамгершілікті көрсетеді. Әңгіме оқырманға тек Ләйләнің мұңдарын, оның армандарын және үміттерін ғана көрсетпейді. Ләйлә доссыз болғаныменен Жарық Айдан сырлас таба алғаны, оның ішкі күшін көрсетеді, және Ләйләны әдемі жан ретінде көрсетеді.

Сонымен, «Мәңгілік бала бейне» ядролық сынақ құрбандардың стигматизациялауға және оларды кемсітуге қарсы шығады, адамгершілік құндылықтарды көрсетеді.

Ядролық сынақтар туралы

Кабдрахманов, Канат. Человеческие последствия испытаний ядерного оружия в Казахстане. АлматыӨлке, 2003.

Стигма және стигматизация деген сипаттамалар туралы:

Tuliao, Antover P. ‘Public and Private Stigma, and Help-Seeking Intent for Mental Health Issues: A Cross-Country Comparison between the U.S. and Philippines.’ Stigma and Health 9, no. 1 (2024): 9–19.

Верена Цабель

Әдебиет зерттеуші, Albert-Ludwigs Universität Freiburg


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар