Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Зира Наурызбаеваның кітабының тұсауы кесілді

22.09.2017 1061

Зира Наурызбаеваның кітабының тұсауы кесілді

Кеше 21-қыркүйек күні Астана қаласында белгілі мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, аудармашы, журналист Зира Наурызбаеваның «Четыре облака» атты кітабының тұсаукесері өтті. Осыған дейін оқырман қауымға «Вечное небо казахов», «В поисках Золотой чаши» кітаптарымен танымал журналист бұл жолы өзіне етене таныс мифология тақырыбынан бөлек, тұлғатануға терең бойлайды.

Қазақ танымындағы абырой, даңқ, даналық, өнер секілді ұғымдарды халқымыздың белгілі тұлғарының өмір жолы арқылы беріп, оны орыстілді аудиторияға кеңінен таныстырады. Кітапта орыс тілінде көп жазылған Абай, Шоқан секілді тұлғалар емес, керісінше әлі де кеңінен зерттеуді қажет ететін Алаш зиялылары, Кетбұға, Тәттімбет, Біржан сал секілді шығармашылық адамдары, халыққа есепсіз еңбек еткен Маман бай, Шәкір Әбенұлы, Райымжан Мәрсеков сияқты белгілі адамдардың өмірі сөз болған.

Жазушы қазақ үшін «абыройлы болу» дегеннің не екенін, бұл дәрежеге жету үшін адамдардың қандай жолдардан өткенін шебер әңгімелейді.

Кітап жастарға арналған.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Көп оқылғандар