Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Америка Құрама Штаттарында «Қазақстан әдебиеті және мәдениет орталығы» ашылады

17.01.2018 464

Америка Құрама Штаттарында «Қазақстан әдебиеті және мәдениет орталығы» ашылады

2018 жылдың 19-23 қаңтар аралығында АҚШ Конгресс Кітапханасы мен Нью-Йорк қаласындағы көпшілік кітапханасына Қазақстан жайында кітап тапсыру және Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығының салтанатты түрде ашылуы өтеді.

Осы іс-шара мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында жүргізіледі. Іс-шара Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Хозеұлы Қазыханов, Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Әбдрашов Жәнібек Жарасқанұлы, АҚШ Конгресс Кітапханасы мен Нью-Йорктік көпшілік кітапханасының Бас директоры Энтони Маркс, қоғамдық және шығармашылық зиялы қауым, студенттер мен Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Ұлттық-мәдени Орталығындағы қазақстандық диаспора өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шетелдің Ұлттық кітапханаларында "Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті" орталығын ашу халықаралық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде Қытай Халық Республикасының Ұлттық кітапханаларында, Кореяда, Жапония мен Италия, Македония, Финляндия, Түркия, Венгрия сияқты әлемнің 17 елінде орталық жұмыс істеп жатыр.

АҚШ-тың Конгресс кітапханасы мен Нью-Йорк қаласының көпшілік кітапханасы әлемнің үздік ғылыми кітапханалары болып табылады, бай тарихымен және салт-дәстүрімен, бірегей, раритеттік басылымдармен, қорлары арқылы бүкіл әлем мен кеңістіктегі оқырмандарға қызмет көрсете алады.

Қазақстан әдебиеті орталығының ашылуы АҚШ астаналық орталық кітапханасы оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.

Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, соның ішінде, Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптар ұсынылады. Барлығы 400 ден астам кітап тапсырылады. Бұл кітаптар американдық оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтың бай мәдени мұрасын тануға мүмкіндік берері сөзсіз.

Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің ықпалдасуымен ашылады.

Біздің Telegram-парақшамызға. жазылыңыздар!

Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар

Ең көп талқыланғандар